Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Кәсіподақ

ТарМПУ кəсіподағы

ТарМПИ-ның кәсіподақ ұйымының қызметі университет дамуымен тығыз байланысып, жыл сайын нығая түсті. 1967-1977 аралығында жергілікті комитет жұмыс істеді (сол жылдардың кәсіподақұйымы). Ұйымдып.ғ.к., доцент Қапаш Тасболатұлы Тасболатов басқарды. Ол жаңа педагогикалық университетінің алғашқы кәсіподақ көшбасшысы болды. Университеттің кәсіподақ ұйымының қалыптасуына көп үлес қосты. Жергілікті комитет қызметін ұйымдастырды. Университет қызметкерлері мен оқытушылар арасында үйлерді, көліктерді бөлумен, қызметкерлерді марапаттау, төс алқаларға ұсыну, демалыс үйлеріне жолдама берумен айналысты.

Əр жылдары кәсіподақ комитетінің төрағалық қызметін п.ғ.к. Радионов Петр Васильевич, в.ғ.к., доцент ВладимирНиколаевичСоловьев, п.ғ.к., доцент Қуандық Мухамеджанұлы Мухамеджанов, «Физика» кафедрасының аға оқытушысы Жұман Əлтаевт аратқарды. 1998 жылдың мамыр айында университет ұжымының жалпы жиналысында кәсіподақ комитетінің төрағасы болыпп.ғ.к., доцент Иван ХристьяновичКоберсайланды. Ол кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарды. 2014 жылдың сәуір айында ұжымның жалпы жиналысында ф.-м.ғ.к. ШырақбаевАбайБегендікұлыкәсіподақкомитетініңтөрағасыболыпсайланды.

Факультеттер мен құрылымдық бөлімшелердің ұйымдасқан кәсіподақ қызметтерінің жаңа стратегия, тактика мен қызметкер жұмыс беруші қарым –қатынасы бойынша үлкен, көпжылдық ізденіс, күрделі жұмыс басталды. 1998 жылдың күзінде алғашқы ұжымдық келісімшарт қабылданды. Бұл  келісімшарт кәсіподақ ұйымы мен университе әкімшілігі арасында 3 жыл мерзімге жасалды. Осындай құжаттың қабылдануы еңбекті ұйымдастырылуының жақсаруын және өнім тиімділігінің жоғарлауын; еңбек кестесі мен тәртібін біліктілікті жоғарылатып, жұмыспен қамтамасыз етілуін, қызметкерлердің тұрғын-үй және тұрмыс жағдайларының жақсартылуын; қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, шипажайда демалу сияқты мәселелерді реттеді.

Университетте Ұжымдық шартқа сай ұжымның әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасын реттеуге бағытталған жүйелі жұмыс атқарылып, бүгінге дейін жүргізіліп келеді. ЖОО–да профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлердің жағдайы мен әлеуметтік қолдаудың қатаң жүйесі ретке келтірілген. Онда кәсіподақ ұйымы мен институт әкімшілігінің өзара әрекеттестігінің жаңа жұмыс жолы көрсетілген. Сондықтан ұжымдық шартқа енгізілген ереже - алдыменен барлық ұжымның қолайлы еңбек жағдайы мен мақсатқа жету жолдарына бағытталған.

Жыл сайын университет әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесе: мерейгерлерді, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, институттың құрметті қызметкерлерін құттықтайды. Жыл сайын институт әкімшілігі, Ұжымдық шарт негізінде, институт оқытушылары мен қызметкерлердің балаларына жаңа жылға арналған сыйлықтар алуға арнайы қаражат бөліп тұрады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының техникалық еңбек инспекциясы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы қызметінің 2019 - 2024 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ

Кәсіподақ органдары қызметкерлерінің жұмыста қолдануына арналған құқықтық және нұсқаулық құжаттардың ЖИНАҒЫ

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бақылау-тексеру комиссиялары жөніндегі ЕРЕЖЕ

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің есептік саясаты

Кәсiптiк одақтар туралы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе