Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



PhD ДОКТОРАНТУРАСЫ

Кейбір адамдар үшін білім – бұл тек мамандық алу тәсілі ғана емес, сонымен қатар өз елінің ғылымына үлкен үлес қосу мүмкіндігі. Мұндай қарқын докторантураға түсуге мүмкіндік  береді.

Докторантура – профиль бойынша, философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, білім беру бағдарламалары ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

PhD докторы немесе философия докторы – Қазақстанда да, басқа да көптеген елдерде де жоғары ғылыми дәреже докторантураны бітірген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға беріледі.

Бұл ғылыми дәреже өзін-өзі жүзеге асыруда үлкен перспективалар береді, университеттердегі ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуға, ғылымдағы мақсаттарға қол жеткізуге, шетелдік әріптестермен әріптестік қарым-қатынас жасауға, жетекші әлемдік университеттердің ғалымдарымен тәжірибе алмасуға, біліктілікті арттыру үшін шетелдік тағылымдамаларға, жетекші ғылыми орталықтарда дәріс оқуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге, шет тілдерін меңгеру деңгейін одан әрі жетілдіруге, шетелдік және отандық университеттердің дипломдарын алуға мүмкіндік береді (қос дипломды білім), мансаптық өсу мүмкіндігі.

ТарМПУ PhD ДОКТОРАНТУРАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

8D015- Жаратылыстану ғылымдары педагогтарын даярлау

8D01502-Физика педагогтарын  даярлау

8D017- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

8D01702- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

 

Өтініш берушілер тапсыруы тиіс құжаттар:

- Өтініш берушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын өткізеді;

- мамандық бойынша емтихан тапсырады.

Оқу мерзімі: 3 жыл

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

Университетте докторантурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүргізіледі.

Оқу түрі – күндізгі

Оқу тілі: қазақ және орыс

Конкурс және қабылдау

PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсын университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді.

 

Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 100 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл есептеледі.

Шет тілі

Шекті баллдар

1

Ағылшын тілі

IELTS – кемінде 4.5

TOEFL – кемінде 560

TOEFL ITP – кемінде 460

TOEFL IBT – кемінде 87

2

Неміс тілі

DSH, Niveau С1/C1 деңгейі

Niveau C1/C1 деңгейі

3

Француз тілі

TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес

DELF, B2 деңгейі

DALF, C1 деңгейі

TCF– кемінде 400

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы кемінде 150 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

 

Ақылы негізде оқыту үшін төмендегідей балл жинаған жеке тұлғалар қабылданады:

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтихандарының қорытындысы бойынша – кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

ТАПСЫРЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1) ұйым басшысының атына белгіленген нысандағы өтініш (еркін түрде);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттар көшірмесі;

4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (Test of English as a Foreign Language (TOEFL), International English Language Tests System (IELTS);

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

7) кадрлар есебі бойынша жеке іспарағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттары;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

9) Мекен жай туралы анықтама.

-  2 ұсыным хат (елеулі практикалық тәжірибесі немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі бар, ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалардан);

-  жоспарланған диссертациялық зерттеу тақырыбының негіздемесі;

-  диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша ғылыми бөлімнің болуы (соңғы 2-3 жылдағы конференцияларға қатысқан жарияланымдар тізімі және зерттеу тақырыбымен тікелей байланыстағы (25-30%) немесе болашақ зерттеудің аннотациясы).

Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

2019-2020 оқу жылына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (DOC)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе