Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Ғылым және коммерциализация басқармасы

ТарМПУ Ғылым және коммерциализация басқармасы университетте жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін және үйлестіретін, университеттің даму стратегиясына, ТарМПУ Ғылыми кеңесінің шешімдеріне негізделген ғылыми және инновациялық қызметті анықтайтын университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Басқарма университеттің барлық ғылыми құрылымдарын, соның ішінде жоғары мектептер, кафедраларды және ғылыми орталықтарды біріктіретін біртұтас ғылыми құрылым болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бағыттарын, нұсқаулық хаттарын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімдерін, ТарМПУ Жарғысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

Басқарма қызметінің мақсаты:

- ТарМПУ-дің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша пайдалануға, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оқыту сапасын жоғарылату үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамытуға ықпал ету, инновациялық іс-шараларды ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

Ғылым басқармасының қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- университеттің ғылыми-білім кеңістігінің мониторингі;

- ғылыми қызмет саласында Қазақстан Республикасы мен шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелерімен байланыс орнату;

- халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

- гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша іргелі, қолданбалы, инновациялық және басқа да зерттеулерді қаржыландыру көздерін іздестіруде ақпараттық іздестіру, нормативтік қамтамасыз ету және жәрдемдесу;

- университет студенттерінің ҒЗЖ үйлестіру;

- кафедралармен және ғылыми жетекшілермен ҒЗЖ және СҒЗЖ ұйымдастыру бойынша тәжірибені талдау, жинақтау және тарату;

- ғылыми зерттеулерді жандандыруға және алынған нәтижелерді ЖОО мен білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізуге жәрдемдесу;

- университеттің ғылыми және ғылыми-педагогикалық мектептерінің ұжымдарын негізгі ғылыми бағыттар бойынша қарқынды ғылыми-зерттеу қызметіне қосу.

БАСҚАРМА БАСШЫЛЫҒЫ

Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы

Лауазымы: Ғылым және коммерциализация басқарма басшысы

Телефон: 87262510072

Ұялы тел.: +77075577771. +77013477771

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы, 1966 жылы туылған, 1988 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ физика факультетін физик, физика пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы 01.04.02 – теориялық физика мамандығына бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 10.05.12 ж. ҚР ҒБМ № 595 бұйрығымен "Физика" саласы бойынша «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы берілді.

Еңбек жолын 1988 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында аға оқытушы қызметінен бастады; 1997-2012 - әл-Фараби ат. ҚазҰУ физика факультеті теориялық физика кафедрасында (2000 жылдан аға оқытушы, 2006 жылдан доцент, 2012 жылдан профессор) қызмет етеді; 2012 жылдан - «Бөбек» ҚР ҒБМ ҰҒПББСО Обсерватория директоры.

Университетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде: "Теориялық механика", "Электродинамика", пәндерінен және "Релятивтік астрофизика", "Жалпы Салыстырмалық Теориясы", «Астрономияның таңдаулы тараулары», «Education the school physics on updated program». арнаулы курстарынан дәрістер оқиды және практикалық сабақтар жүргізеді.

120 жуық ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы, оның ішінде 11 мақала Комитет нұсқауларына сәйкес баспалардан шыққан, 9 мақала шет ғылыми ел баспаларында, оның 6 Томсон Реютерс (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) ақпараттық базасы мәліметтері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген, 37 шетелдік халықаралық конфренциялар материалдарында баяндамалары бар.

5 оқу құралы:

«К методике преподавания проблемы движения тел в общей теории относительности», Алматы, Қазақ университеті, 2009;

«Теориялық механика лекцияларының конспектісі», Алматы, Қазақ университеті, 2009;

«Электродинамика» оқу құралы, Алматы, Қазақ университеті, 2011 (ҚР ҒБМ грифімен және жеке);

«Lecture Course on Theoretical Mechanics» ағылшын тіліндегі оқулығы Қазақ университеті баспасында 2017ж.;

«Теориялық физиканың таңдаулы тараулары» Алматы, Қазақ университеті, 2018 жылы жарық көрді.

Теориялық физика саласы бойынша ҚР ҒБМ іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламасының атқарушысы.

Марапаттары:

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР ҒБМ «Ы. АЛТЫНСАРИН» белгісі;

Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалі;

Қазақстан Ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі.

Қосымша мәліметтер: PhD, магистрлер және бакалавр студенттерінің ғылыми жетекшісі. «Жер және Космос туралы ғылымдар» атты студенттерге және оқушыларға арналған ғылыми үйірме жетекшісі. Олардың ішінде көптеген студенттер және оқушылар Республикалық және халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары. Қазақстан оқушыларының құрама командасының Бразилия, Бангладеш, Индонезия, Греция, Литва, Қытай, Корей, Украина, Румыния, Индия, Тайланд, Россияда, Шри-Ланка, Грузияда, Венгрияда өткен халықаралық астрономия және астрофизикадан өткен халықаралық олимпиадалардың команда жаттықтырушысы.

БАСҚАРМАНЫҢ КАДРЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

Бегалиев Асу Тұранұлы

Лауазымы: маман,

Білімі: 1978 год – Жамбыл педагогикалық институты, Филология факультетінің түлегі

Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты (С.Киров атындағы ҚазМУ)

Ұялы тел.: 87021719961

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Султаналиева Ахмарал Арапқызы

Лауазымы: "ТарМПУ хабаршысы" журналының редакторы

Ұялы.тел.: 87071630482

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе