«Sanaly urpaq»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

Құрметті достар! Тараз мемлекетік педагогикалық университеті Сіздерді «ҰСТАЗ университетінің әлеуметтік миссиясы» әлеуметтік жобасының аясында астрономия және астрофизикадан олимпиада және турнирлерге дайындайтын тегін үйірме сабағына шақырады.



Бәріміз игі бастамаларды қолдаймыз

Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады.

(Н.Ә.Назарбаев)

Еліміз өз алдына дербес ел атанып,тәуелсіздігін алған жылдардан бастап әлемдегі барлық жағынан дамыған елдермен терезесін теңестіуге бар күш жігерін жұмсап келеді.Осы орайда көптеген жұмыстар жүргізіліп өз нәтижелерін берді.Оған дәлел ретінде 20 ғасырдың  соңғы жылдарындағы еліміздің жағдайын қазіргі кезеңмен салыстырып қарауларыңызға болады.

Өмірде адамның мақсаты мен арманы біріккен кезде ғана белгілі бір жетістікке жететіні хақ.Осы орайда елбасымызды айта кеткен жөн сияқты.Себебі:елбасымыз еліміздің болашағы үшін алдына мақсат қойып,жоспарлар жасап,стратегиялар құрастырып ол туралы өзінің жыл сайынғы жолдауында үндеулер тастап келе жатқаны бәрімізге мәлім.Жалпы жүргізіліп жатқан қандай жұмыс болмасын барлығының да мақсаты  еліміздің «баяғы жартас сол жартас» күйінде қалмай алдыға жылжуы ғой.Алайда елімізде сол жоспарлардың орындалуына күмәнмен қарайтындарда аз емес.Тіпті оған мән бере-бермейтіндерді де бүгінігі таңда өз арамыздан да кездестіріп жүргеніміз анық.Өздері теріс пікірде болғанмен қоймай,өзгеге де  теріс пікір қалыптастыратынын қайтесіз.

Менің ондай азаматтарға айтарым:»береке бастауы бірлік,ел іші тату тірлік»- демекші біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып біріге әрекет еткен кезде ғана табысқа жетеміз деп ойлаймын.Мен ондай азаматтарға Аристотельдің мына бір сөзін ұсынғым келеді:»Әлемді өзгерткің келсе,бірінші өзіңнен баста».

Елбасымыз 2017 жылы өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын жариялаған болатын.Осы мақаланы оқып шыққан соң үлкен әсер алдым.Бұл мақалада маған ұнағаны-мақаладағы «рухани жаңғыру» сөзінің қолданылуы болды.Себебі:біз рухани жаңғыру арқылы ұмыт болып бара жатқан  рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырта аламыз.Бұл қарапайым ғана мақала емес,қазақ халқ ының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру,түгендеу,саралау,заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат десек те болады.Сол мақаладағы ұсынылған идеяларды,міндеттерді біз барлығымыз оқып қана қоймай, іс жүзінде іске асырсақ шығармамның басында айтқандай әлемдегі дамыған елдермен тереземізді теңестіреріміз анық.Осы мақаладағы алдағы уақытта орындауға тиіс міндеттердің бірі қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі.Осы туралы елбасымыз 2006 жылы сөз қозғаған болатын.Сол  кезден бастап латын графикасына көшу туралы түрлі талқылаулар жүргізіліп,оны бірі қолдаса енді бірі қолдамады.Осы іс араға он шақты жылдар салып өз жалғасын тауып отыр.Мұның өзі тегін емес деп ойлаймын. Дәл осы іске келгенде асығыстық танытып керегі жоқ деп ойлаймын. Өйткені бұл жерде бір ұлттың тілінің тағдыры тұр емеспе.Мен қабылданған латын графикасының қазақ тіліне негізделіп жасалған апострофты  нұсқасы туралы айтып тұрмын.Бұл туралы еліміздің тіл жан ашырлары өз ойларын айтқан болатын.Тіпті еліміздегі Ұлттық ғылым академиясының бір топ академиктері мен танымал тілші-филолог ғалымдар  елбасы атына хат жазып,ол жерде латын графикасының қазақ әліпбиіне негізделіп жасалған А.Байтұрсынұлының нұсқасын ұсынған болатын.Қай нұсқаның дұрыс,қай нұсқаның бұрыс екенін  сол ұсыныстан байқауға болады.Меніңше дәл осы жерде осы кісілерді қолдау керек сияқты.Себебі: қазақта «келісіп пішкен тон келте болмайды»- деген бар емеспе.»Көш жүре түзелер»- демекші бұл істе уақыт өте өзінің оң шешімін табады деп ойлаймын.Ол үшін бізге жұмылған жұдырықтай әрекет етуіміз керек.Жалпы қазіргі таңда әлем елдері латын әліпбиінде сөйлейді.Сондықтан бәріміз бұл бастаманы қолдаймыз деген ойдамын.

Мен болашақ білім беру саласының маманы ретінде өз сөзімді еліміздің білім беру саласын сөз ету арқылы жалғастырғым келеді.Соңғы жылдары білім беру саласында көптеген өзгерістер орын алуда.Соның бірі еліміздің жаппай үш тілділікке көшу мәселесі.Бұл туралы да қоғамда түрлі пікірлер айтылғаны бәрімізге мәлім.Ол пікірлердің ішінен қолдаушыларға қарағанда  қолдамаушылар көп секілді.Менде қолдамас едім.Қай жағынан екенін айта кетейін.Оқу орындарында үш тілдің оқытылғаны дұрыс-ау,бірақ жаратылыстану бағытындағы  пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы дұрыс емес деп ойлаймын.Біріншіден жаратылыстану бағытындағы пәндер өте күрделі,екіншіден осы пәндерді қазақ тілінде түсіну қиын болып жатқанда ағылшынды ойлаудың керегі де жоқ-ау.Қазіргі кезде білім беру саласында күнде бір жаңалық,бір өзгеріс еститін болдық.Қандайда бір өзгеріс немесе жаңалық енгізер алдында көп болып келісіп шешім қабылдаған дұрыс-ау.Жалпы қай мәселеде болмасын асығыстық танытамыз деп «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп тұмсығынан айырылыптының»,сауысқан тоты боламын деп жүрісінен жаңылыптының күйін» кешпес үшін мәслені көп болып шешкен дұрыс деп ойлаймын.»Жүйелі сөз киелі»- демекші негізі қазақ сөздің мәнін бағалап,сөздің иесіне емес, жүйесіне жығылған,сөзге тоқтаған елғой.

Қорыта айтқанда қандай жұмыс,қандай мәселе болмасын» біріге көтерген жүк жеңіл»- демекші барлығын бірігіп,келісіп іске асырсақ ешқандай мәселеде қиындық тумас деп ойлаймын.»Саусақ басқа болса да білек бір,ауыл басқа болсада тілек бір»- демекші тілегіміз бір болсыншы.

Нұрланов Ерлан Керімжанұлы

КЯ-16-1 тобы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе