Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Білім табысқа жеткізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы біздің жүрегімізге сенім ұялатты. Бұл мақала  елімізді, жекеленген адамдарды, қоғамдық сананы рухани тұрғыдан жаңғыртуға бастайтын басты құнды құжат деп есептеймін.

Абай шығармаларына зер салсақ, оның үнемі алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетпен тілеулес болғанын байқаймыз. Ал, ілгерлеудің негізі білім мен ғылымда екендігін анық білеміз.Адамның үнемі дамып отыруы білімге, ғылымға басымдық беруі кемелдіктің көрінісі.

Сондықтан жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеп, оларға білім мен ғылымға бастар жолды көрсету ұстаз еншісінде. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқараспен  қарау және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Соның айғағы ретінде; біздің педагогикалық ұжым да сана- сезімі биік, дүниетанымы мол, білімді, парасатты, креативті тұлға тәрбиелеуде. Абай шығармаларындағы тәрбие адамды көздеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін білім мен ғылым арқылы адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері болашақ ұрпаққа әрқашан қуат береді.

Сол арқылы  ХХІ ғасыр- Абайдың өсиет өнегесімен жаңа Қазақстанды биіктерге жетелейді.Қорыта келе,табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

«Педагогика және практикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы

Махашова Патима Меңлібайқызы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе