Online обучение

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

FROM MARCH 16 UNIVERSITIES WILL SWITCH TO DISTANCE LEARNING



«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі

There are no translations available.

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Академиялық тазалық және этиканың сақталуын қадағалау» комиссия құрамы бекітілген. Онда университет қызметкерлері мен студенттері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мүшелері бар.

Комиссияның жылдық іс-шаралар жоспары және медиа-жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

Жаңа оқу жылында университеттке жұмысқа қабылданған жас мамандар мен бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, онда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» мен «Ар-намыс» кодексі түсіндіріліп, олар Ант қабылдайды.

 

Сондай-ақ, университетте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылықты қалыптастыру» кеңесі жұмыс атқарады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жамбыл облысы бойынша департаменті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы және Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ бар.

ТарМПУ-да «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі - Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, 2015-2025 жылдарларға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, 5 институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелік жағдайларын және кез-келген көріністеріне қоғамдағы төзімсіздікті қалыптастыруды негізінде жасақталды.

Аталған кеңсе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл бойынша Департаменті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетімен біріге отырып «Sanaly urpaq» жобасы ашылды.

«Sanaly urpaq» - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жоба.

Жобаның субъектілері жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары (арықарай – білім алушылар), сонымен қатар барлық оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғылыми қызметкерлер болып табылады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті негізінде студенттерге көмек көрсету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ» ашылды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті әлеуметтік зерттеулер жүргізу мақсатында Тараз қаласының мектеп педагогтарының, ата-аналардың және білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті деңгейіне зерттеулер жүргізілуде.

Сонымен қатар, орта, орта арнайы білім беру мекемелерінің сайттарының мазмұнына, олардың қызмет ету бағыттарына талдау жүргізілді:

  • Білім беру ұйымдарының басқарушылық шешімдер қабылдаудың ашықтығы және айқындығы;
  • ЖОО қызметкерлерінің жеке жауаптылығы;
  • Жоғары оқу орындарының корпоративтік этика Кодекстері;
  • Білім беру туралы ҚР заңнамаларында олқылықтар;
  • Тараз қаласы мен аудандар білім беру мекемелерінде ішкі тәртіп ережелері;

Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің іске асыру, ТарМПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және теріс қылықтарға төзбеушілік таныту жағдайын қалыптастыру, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, саналы ұрпақ тәрбиелеу  мақсатында  «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі негізінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашаққа» атты жастар кабинеті жұмыс істейді.

«Саналы ұрпақ – жарқын болашаққа» жобасын іске асыру мақсатында «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылған. Оның Ережесі бекітіліп, құрамында 100-ге жуық студенті бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ-мен бірлесіп барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін мониторингілеу және рейтингтік бағалау әдістемесі мен әдістемесі әзірленді.

Оның негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар Картасы жатыр, онда қазақстандық білім берудің барлық сатыларында – мектепке дейінгі мекемеден бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге дейінгі ықтимал қауіп-қатерлер мен тәуекелдер және оларды еңсеру жолдары ұсынылған, сондай-ақ осы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар белгіленген.

Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ АйТи-технологиялар институтымен бірлесіп Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізу деңгейін мониторингілеу және рейтингтік бағалау жүйесінің сандық платформасы әзірледі. Бұл платформаның негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі жатыр.

Білім беру ұйымдарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингісінде «Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет» жобасы аясында жеті жыл бойы сынақтан өткізілген ҚазҰУ-дың тәжірибелік әзірлемелеріне негізделген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері де ескерілетін болады.

Осылайша, осы құралдарды жүйелі, кешенді негізде қолдану әрбір білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нақты жай-күйінжәне оның тиімділігін бағалауға және оларды сыбайлас жемқорлық қаупі бар аймақтар бойынша бөлуге мүмкіндік береді.

ЖОО қызметтерінде ықтимал тәуекелдер бар. Сондықтан жобалық кеңсесімен ҚР Білім және ғылым министрлігіне және ЖОО арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың жобасы дайындалды. Қазірга уақытта аталған ұсыныстар Агенттікпен қабылданып ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-на орындау үшін жолданды.

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігіне және ЖОО-на сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тіуекелдерін анықтау.
  2. ЖОО бюджеттік қаражаттар шығыстарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оқу орындарының ресми сайттарында  ақпаратты жариялау.
  3. ЖОО мұғалімдерінің және студенттердің тәртібін қадағалайтын академиялық адалдық ережесін қайта қарастыру.
  4. Білім сапасын көтеру мақсатында мұғалімдер мен студенттермен және мұғалімдер әріптестер арасында кері байланысты орнату.
  5. Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық фактілерін беру тәсілдерінмен қамтамасыз ету.
  6. Курстық, дипломдық, магистрлік және докторлық жұмыстарының зерттеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  тақырыптарды енгізу.

Жобалық кеңсенің қатысумен әрбір іс шара Агенттіктің ресми сайтында, жеке сайтында және жобалық кеңсенің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Саналы урпақ жобалық кеңсесінің қызметінің оңтайлы тәжірибесін тарату мақсатында және Агенттіктің тапсырмасына сәйкес фронт-кеңселерін ашу бойынша Агенттіктің аумақтық басқармаларымен жұмыс жүргізілуде.  Алматы, Ақтөбе және Ақмола облыстарында «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңселері құрылды және тағы басқа аймақтарда дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда 18 жоғарғы оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасауда. Онда әрбір студент қысқа мерзім ішінде барлық академиялық мәселелер бойынша қызметтерді ала алады.

Алдағы жыл ішінде осындай орталықтарды тағы да 32 жоғарғы оқу орындарында ашу жоспарлануда. 13 жоғарғы оқу орындарында профессорлық-оқытушылық құрамының және студенттердің академиялық адалдық кодексі енгізілген. Келесі оқу жылы басталғанға дейін академиялық адалдық кодексі барлық жоғарғы оқу орындарына енгізіледі.

Осы жақында ғана біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Integrity Shop» (Адалдық дүкені) жобасымен таныстырдық.

Студент қажетті сомаға тауар алып, оны кассалық аппаратты алмастыратын арнаулы жәшікте қалдырады.

Мұндай механизм ондаған жылдар бойы еуропалық елдерде тиімді қолданылып келеді.

Осыған ұқсас дүкендерді енгізу жастардың бойында оңды моральдық қасиеттерді, соның ішінде әдептілік пен адалдықты қалыптасытурға бағытталады.

Бұл факторлар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Біздің үндей – қоғамда біртіндеп өзара сенім атмосферасын қалыптастыру және студент жастарға өздерін адал және әдепті адамға сәйкестендіруге мүмкіндік беру.

Бейтаныс тұлғаның, бұл ретте дүкен иесінің сенімін ақтау қазіргі заманғы жастардың мінез-құлқы үшін қалыпты жағдай болуы тиіс.

Адалдық дүкендерін аша отырып, біз адамға іс жүзінде өзінің адалдығын нығайтуға мүмкіндік беретін «триггерлерді» береміз.

 

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ТЫС УНИВЕРСИТЕТ»

ФРОНТ–ОФИСІ

«Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» фронт – офис тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы даму стратегиясын іске асыру үшін онлайн сервис жүйесінде  қызметін бастайды.

Фронт-офистің жұмыс істеу мақсаты - университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар қызметінің барлық бағыттарын үйлестіру арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі формаларынан бос атмосфера мен аумақты құру.

«Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» фронт–офисі қызметінің негізгі міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласындағы университет қызметін үйлестіру;
  • жоғары  оқу орындары  аумағында өтетін барлық білім беру, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да үдерістерге қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру мәселелері бойынша бағыттарды реттеу,

«Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет» фронт-офисінің құрылымы:

  • Адалдық Лигасы, Академиялық адалдық жөніндегі комиссия
  • Штаб Таза сессия
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу орталығы
  • "Адал" студенттер орталығы.

Комиссия құру

туралы

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында  «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» фронт – офисінің жұмысын қадағалау үшін келесі  құрамда комиссия құруды:

ӨКІМ ЕТЕМІН:

Комиссия төрағасы:

Қадыралиев А.А.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы;

Комиссия мүшелері:

1

Туленди Дархан

Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің 2 курс  студенті

2

Шамуратов Мансұр

Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің   3 курс студенті

3

Алпысбай Ақнұр

Филология  факультетінің 2 курс  студенті

4

ҚҰрмансейітова Алтынай

Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің   3 курс  студенті

5

Ермек Мейіржан

Өнер  және мәдениет  факультетінің  2 курс студенті

6

Ермек Ернар

Өнер және мәдениет факультетінің  2 курс   студенті

7

Ерниязова Гүлшат

Педагогика  факультетінің  3 курс студенті

8

Қожамқұл Жансая

Филология факультетінің  2 курс студенті

9

Сабек Сұлтанбек

Филология факультетінің  2 курс студенті

10

Қуаныш Айым

Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің  2 курс  студенті

 

Комиссия төрағасы  А.Қадыралиев атқарылған жұмыстардың  нәтижесі туралы мәлімдесін.

 

Проректор                                           О.Джолдасова

ӨКІМДІ  ДАЙЫНДАҒАН:

Әлеуметтік-мәдени дамыту

орталығының басшысы Қ.Өскембекова

Таратылсын: Барлық деканаттарға

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar