Online обучение

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

FROM MARCH 16 UNIVERSITIES WILL SWITCH TO DISTANCE LEARNING



Ғұлама Абай-әлемдік деңгейдегі кемеңгер

There are no translations available.

Қазақтың реалистік әдебиеттің негізін салушы ұлы ойшылы, талантты ақыны Абай Құнанбаев өзінің халқына, келер ұрпағына өшпес әдеби және тәлім-тәрбиелік мұралар қалдырды.

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін... Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады» деп, хакім Абайдың мұралары  қай заманда болмасын өзектілігін жоймайтынын және құндылығы қашанда басым екендігін  айқын атап өтті.

Сол өте бай мұраның тақырыбы, жанры сан алуан болғанымен оның негізгі идеясы - біреу. Ол - нұрлы ағартушылық идея. Ақынның қай шығармасын, қай өлеңін, қай бір өлең жолын алсақ та тәлім-тәрбиелік мәні зор асыл қазына. Абай тәрбиені оқу- білім арқылы жүргізіп, халықты ағартушылық жолмен өркендетуге болады деп түсінді.

Мақалада Ұлы Абай қазақ халқы үшін, жалпы ұлт руханияты үшін теңдесі жоқ шоқтығы  жоғары екенін айқын баяндады. Сонымен қатар Абай шығармаларында білім мен ғылымды меңгерген адам қашанда биік болады деген идеяны баса көрсетіп, елдің дамуына ғылымның есесі зор дегенді көрсетеді. Өйткені, білім, ілім, ғылым – ел дамуының негізгі  көрсеткіштерінің бірі.  Абайдың 18-қара сөзінде: «Тегінде адам баласы - ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық» деп, ғылым мен білімнің адам  тәрбиелеуде  ролі қашанда  жоғары екендігін айтқан болатын.

Абай ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздағы ерекше тұлға.

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар елдің қашанда мерейі үстем.

Мақаладағы «Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деген   мағыналы сөздер  әр қазақстандықтар үшін терең ой қалдыратыны сөзсіз.

Абайдың ілімдері  Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Дарынды ұстаз» факультетінде Абайтану білім беру бағытында  оқытылады.

Ұлы ағартушы өзге жұрттың тілін, халықтың тарихын біліп өз жұртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті. Хакім Абай армандаған, өсер ұрпақ бойынан көргісі келген тамаша қасиеттерді жастардың  жүрегіне ұялата алса,    әр ұстаз еңбегінің     жанғаны деп білемін.

Ибраимова Лескүл Нұсұпқұлқызы

п.ғ.к., доцент

«Дарынды ұстаз» факультеті деканы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar