«Sanaly urpaq»

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

Dear friends, Taraz State Pedagogical University invites you to a free course on preparation for olympiads and tournaments on astronomy and astrophysics, as a part of the social project "Social missions of Ustaz University".



Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет

There are no translations available.

(Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев)

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу мерейтойына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада «Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отырған» мерейтойдың «той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» екенін бірден атап көрсете отырып, Президентіміз: «Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскім келеді» деп, жұртшылықты жанына жақын тарта, Ұлы Абай туралы мәңгілік тақырыпты тағы да ой елегінен өткізуге жұмылдырды. Сондықтан қоғамдық мәселеге дер кезінде жауап беріп отыратын Президенттің терең иірімді мақаласына, данышпан Абайдың ғибратты сөздері мен шығармаларына байланысты талдау, пайымдау жасауды емес, тек «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, жалықпа!» деп қалың көпшілікті қазақтың бас ақыны, Дана Ұстаз Абайдың мұрасымен терең сусындауға шақыруды ғана жөн көрдік.

Өйткені, қазіргі уақытта көбейіп кеткен тәрбиешілердің арбауына алданып, «Бай болуды», «Бақытты болуды үйретемін», «Бала тәрбиелеудің тиімді жолдары» дейтін тренингтерге баратындар саны ай сайын артып бара жатқаны бізді алаңдатуда.

«Достарды қалай табуға болады?» деп туынды жазған әйгілі Дейл Карнеги қартайғанда жападан жалғыз қалып көз жұмғаны, Баланы жақсы тәрбиелеудің жолдары туралы бірнеше кітап жазған Бенджамин Спокты өз балалары қарттар үйіне апарып тастағаны сияқты адам шошырлық қырлары ашылуда. Алайда, қазір қайдан шыққаны белгісіз тәрбиеші көп, тренингтер көп, шешендер көп, ұлттық болмыс тәрбиесін тықсырып, жалтылдаған жарнамамен, сананы улап жатқандар да көп, бұқаралық ақпарат құралдарында «көмектесуді емес, ақша табуды көздейтін пайдасыз тренингтер» туралы айтылып та келеді.

Осы үрдіске қарсы құрал ретінде, біз, ұстаздар қауымы, Қасымжомарт Кемелұлы айқындап көрсеткендей, «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» - Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» екеніне ерекше назар аударылғанына дән ризамыз, әрдайым білім мен тәрбиелеу ісінде Ұлы ақынымыз Абайдың, әл-Фарабидің, көне түркі ескерткіштері жазуларының, дана билеріміздің өсиет-өнегесін, ұлттық рухани құндылықтарымызды ту етіп келеміз.

Жас ұрпақты «Бес асыл істі» меңгеруге, «Бес дұшпаннан» жиренуге үйретуден жалықпай, «Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселеніп, мемлекет ретінде мұратқа жететінімізге» сенеміз.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» деп көрсеткендей, Абайды әр қайталап оқыған сайын, жаңалық ашылатынын талай адам таңғалып мойындаймыз. Шынында да, көңіліміз шаттанғанда, Абайды оқыдық, жанымыз жабыққанда тағы да Абайдың өлеңдерін оқыдық, әр оқыған сайын, алғаш оқып отырғандай әсерленген кездеріміз көп болды. Жарнамалық кітаптарға еліктеген жас өскінге «Абайды оқышы», Абайдан асырып айтқан ешкім жоқ деп көп нәрсені меңзеп қоятынымыз да осыдан.

«Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың ойынан да, торқалы тойынан да» ғибрат алуға, санаға сіңіруге, бойға дарытуға аянбай, еселей күш жұмсайтын боламыз.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

Өнер және спорт жоғары мектебінің доценті,

филология ғылымдарының кандидаты А.Ж. Кәрібекова

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar