«Sanaly urpaq»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

Құрметті достар! Тараз мемлекетік педагогикалық университеті Сіздерді «ҰСТАЗ университетінің әлеуметтік миссиясы» әлеуметтік жобасының аясында астрономия және астрофизикадан олимпиада және турнирлерге дайындайтын тегін үйірме сабағына шақырады.



Абай және қоғамдық жаңару

Абай - халықты білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ұлы тұлға. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын жол деп түсінді. Педагогикалық жоғары оқу студенттеріне кәсіби маман ретінде қалыптасуына қажетті құнды ой пікірлерін  күнделікті оқу-тәрбие жұмыстары барысында қолдану, еліміздің  болашақ ұстаздарына түпкілікті ой салары сөзсіз.

Абай ғылымның әлеуметтік рөлін терең талдап, қайрат, ақыл және жүрек үшеуін айтыстыра келеді де ғылымға жүгіндіреді. Бұдан, Абайдың топшылауынша, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әділеттің орнауы адамдардың ұятына, рақымшылдығына, мейірбандығына, әділдігіне байланысты. Ғылымды оны бақталастық үшін емес, ақиқатты білмек үшін үйрену керек екенін баса айтады. Бұл бүгінгі күні өзекті екенін барша студенттеріміз жете түсініп, өз болашақтарын ғылыммен ұштастырып, өмірде өздерін толғандыратын мәселелерге ерекше мән беріп, оны шешудің тиімді жолдарын қарастырып, өзін және айналадағы болмысты зерттеу жұмыстарының нәтижесінен іздеу қажет.

ҚР президенті  Қ.К.Тоқаевтың жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ғұлама ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттық жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із калдырғанына басты назар аудара отырып, баршамызға рухани азық бола алатынын атап өтті. Президент мақаласындағы басты идея: Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігімен, ақын шығармаларының халқымызға қандай тағылым алуға болатынын жөнінде ой бөлісу.  Бұл мақала «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануына тұспа тұс келіп отыр, сонымен қатар, бүгінгі ұстаздарымызға қойылатын талаптарда айқындала түсуде. Ол Абайдың  шығармаларындағы  әр бір ұстаз терең білімді, мінезге бай, үйретері мол болу керек деген ойымен астарлас тұжырым.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тойлауға дайындық іс-шаралары Қазақстан бойынша өткен жылдың аяғынан бастау алды. Оған дәлел,  біздің Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өтіп жатқан іс-шаралар. «Жүрегімнің түбіне терең бойла атты» әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Педагогика жоғары мектебі ұйымдастырған  декадада «Ұстаздың қайтып оралуы», «Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы» атты оқытушы мен студент арасындағы сұхбат», «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ... » - тақырыптардаға танымдық іс-шаралар. Танымдық іс-шаралардың мақсаты: жастарды ұлы ғұлама Абайдың өнегелі өмірімен таныстыру, Ұлы тұлғаның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау және студент-жастарымыздың бойына ұлылық пен ізгіліктің нәрін себу.

Бүгінгі күні жаңа инновацияларға бет алу мәселесіде қазақтың ұлы ойшылы Абай шығармаларында жаңғыру, жаңаруға, жаңа өмірге бет алуға шақырған. Мақалада айтылған тұжырым Абай Құнанбаевты ұлтымыздың капиталы ретінде  насихаттау қажет деген идеясын қолдай отырып, болашақ мұғалімдерді, мамандарды қалыптастыруда ұлы ғұламамыздың педагогикалық бай мұрасымен сусындатып, нағыз адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіріп, шын мәнінде ұстаз етіп тәрбиелеу ісіне атсалысу біздің борышымыз.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

«Арнайы педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қалматаева А.М

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе