«Sanaly urpaq»

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

Dear friends, Taraz State Pedagogical University invites you to a free course on preparation for olympiads and tournaments on astronomy and astrophysics, as a part of the social project "Social missions of Ustaz University".



Абай-дана, Абай-дара қазақта

There are no translations available.

Ұлттық руханиятымыздың асқары – Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көріп отырған Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың  «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, мерейтойы да кейінгіге үлгі. Жас ұрпақ сол үлгіге қарап бой түзейді» деген мағыналы ой мазмұнымен терең сабақтастыққа құрылған. Ұлттық идеологиядан бастау алып, жалпы адамзаттық өредегі асқақ тенденцияларға ұласып жатқан Абай әлемінің болмысы ХХІ ғасырдағы актуальды мәселелермен өзектестік сипатында терең зерделенген. Күллі жаһандық өредегі ойшылдық қайнарында «толық адам» деп аталатын концептуалдық формуласымен дараланатын Абайдың ойшылдық табиғатын өз деңгейінде игерудің қоғам игілігі үшін қаншалықты маңызды екендігі Ел Президенті тарапынан жүйелі түрде дәйектеліп көрсетілген.

Мақала мазмұнын құрайтын айтулы іс-шараларға Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті де айрықша құлшыныспен ат салысып жатқандығын атап көрсете аламыз. Университетіміздің оқу ғимаратында жаңа үлгідегі материалдық сапада жабдықталған «Абай» атындағы аудиторияның ашылуы осы игілікті бастамаға қосылған елеулі үлес. Сондай-ақ университетіміздің барлық жоғары мектептерінде Абай апталықтары ұйымдастырылып, оқу ордамыздың дарынды жастары арасында «Абайға арнау» атты жыр мүшәйрасы өткізілуі ұлт кемеңгерін ұлықтау бағытындағы нақты қадамдарының бірі. Университетіміздің студенттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұлы ақынның мұрасын танып-білудің проблемаларына қатысты пікір-көзқарастарын білдіріп, қоғамдық сананы жаңғыртуда өзіндік үлес салмақтарын қосуда.

Бүгінгі таңда Абайдың «толық адам» ілімі негізінде патриоттық-гуманистік тенденцияларға негізделген заманауи үлгідегі білім берудің ғылыми-методологиялық жүйесін қалыптастырып, отандық педагогика саласындағы ұлттық брендке айналдыру мәселесі оқу ордамыздағы ортақ міндет ретінде қарастырылуда.

Абай мұрасын жаңаша  пайым көзқарастағы ұлттық сапада танып-білу арқылы ұлтжанды тұлға қалыптастыру  - Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің басты ұстанымы.

ТарМПУ ректоры Е.Әмірбекұлы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar