Жаңартылған білім беру мазмұнындағы көркем еңбек пәнінен ПО17-1 тобының 3 курс студенттеріне «Техникалық көркем еңбек бөлімінде табиғи материалдармен жұмыс жасау» тақырыбында «Көркем графика және дизайн» кафедрасының п.ғ.м., аға оқытушы Таттибаева Гүлжан Берликовна университет көлемінде ашық сабақ өтті. Ашық сабақта студенттер табиғи материалдармен, аплекация, дайын киіз (фетр) материалынан дәстүрлі бұйымдар киіз үй, түйе, торсық т.б жұмыстарын орындап болашақта мектепте «Көркем еңбек» пәнінен бастауыш, орта сыныптарға әдістемелік көрнекі құралдармен жұмыс жасай алатындарын постер, слайд жұмыстары арқылы көрсете білді.
Кафедра «Художественная графика и дизайн»