Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

Dear friends, Taraz State Pedagogical University invites you to a free course on preparation for olympiads and tournaments on astronomy and astrophysics, as a part of the social project "Social missions of Ustaz University".



«Дарынды ұстаз» факультеті

There are no translations available.

«Дарынды ұстаз» факультеті – студент тұлғасын дамытудың шығармашылық және танымдық орталығы. Факультет қазіргі заман талабына сәйкес қосымша білім беру бағыттарын жүзеге асырады.

Негізгі мақсаттары:

Minor білім беру бағыттары бойынша студенттерге білім беру қызметтерін ұсыну.

Университет  кафедраларымен бірлесе отырып шеберлік сыныптарды, тренингтерді, көрмелерді, танымдық кештерді ұйымдастыру және өткізу.

Жеке тұлғаның  тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеу­меттік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.

Салауатты өмір салтын және жастардың  өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Студент жастарды отбасылық өмірге дайындау, жар таңдау мәселесіне көңіл бөлу, «толық адам» концепциясын түсіндіру.

Хореография, домбыра, халықтық шығармашылық жанрына деген қызығушылықтарын арттыру.

Болашақ мамандарды психологиялық көмек көрсетуге дайындау.

Компьютерлік графика бағыты бойынша Corel draw векторлық бағдарламасының мүмкіндіктерін жарнама саласында және PR, Point, Photoshop жобаларын дайындауда қолдануға дайындау.

Факультеттегі оқу мерзімі таңдаған бағытына байланысты 1 жылдық мерзімді қамтиды.

Әрбір студентке ЖОО-да оқу мерзімі аралығында бір немесе бірнеше Minor білім беру бағытын игеруіне мүмкіндік бар.

«Дарынды ұстаз» факультеті төмендегі Minor білім беру бағыттары бойынша қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асырады:

Білім беру бағытының атауы

Берілетін біліктілік

1

Компьютерлік бағдарлау (компьютерлік графика)

Графикалық редактор

2

Хореография

Би ансамбльдерінің жетекшісі

3

Домбыра

Домбыра үйірмесінің жетекшісі

4

Тұлға психологиясы

Психолог

5

Абайтану

Абай шығармаларын насихаттаушы

6

Скетчинг (интерьер  дизайны, киім дизайны, көркем еңбек)

Суретші-дизайнер

Оқу жылының соңында студенттерге арнайы үлгідегі сертификат беріледі.

Сонымен қатар, факультет менторлар клубы жұмысын ұйымдастырып, бекітілген жоспар бойынша жас педагогтарға арналған біліктілікті көтеру дәрістерін жүргізуді үйлестіреді.

Факультет деканы

Ибраимова Лескул Нусупкуловна

педагогика ғылымдарының кандидаты,  доцент

Телефон: 87074231633

E-mail: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar