Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

Кафедра миссиясы: Кафедра мемлекеттік, саяси, әлеуметтік және қоғамдық құрылымдарға қазіргі заманғы технологияларды меңгерген және бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа, құзіреттіліктерге және кәсіби машықтарға ие педагогикалық мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Кафедра миссиясы жоғары білімді, іргелі дайындалған, креативті ойлайтын, бәсекеге қабілетті, кәсіптік қызметін жүргізе алатын, тұрақты даму принциптерін қолдана алатын және жаһандық әлемде жұмыс істеп, өмір сүруге дайын мамандарды дайындау болып табылады.

БАСШЫЛЫҚ:


Кафедра меңгерушісі: Нұрадин  Гүлхан  Болатқызы

Философия  ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор (доцент)

Телефон: 87081455415

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Лаборант: Сапарбаева Лаззат Курманбековна

Телефон: 87778073682

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

КАФЕДРА ТУРАЛЫ

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы білікті, заман талабына сай  мамандар  дайындауда ерекше  үлесін  қосып  келе  жатқан, 50 жылдан  астам бай тарихына ие кафедра болып табылады.

2019-2020 оқу жылының 1 қыркүйек айынан  бастап,  «Философия және толеранттылық» кафедрасы» «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» деп өзгертілді.  Қазіргі уақытта кафедраны филос.ғ.к., ассоц.профессор (доцент) Нұрадин Гүлхан Болатқызы басқарып отыр.

"Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы жалпы білім беретін кафедра болып табылады. Кафедра өз қызметінде 1-2 курстың студенттер мен магистранттарға «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Дінтану», «Ғылым философиясы және тарихы» пәндерін іргелі дәстүр және академиялық білімнің соңғы жетістіктерін, жаңа білім беру технологияларын үйлестіре отырып оқытады.

КАФЕДРА ШТАТЫ(ҚҰРАМЫ):

Кафедрада тәжірибелі әрі жоғары білікті профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар жұмыс істейді. Қәзіргі таңда  кафедра  құрамында (2019-2020 оқу жылы): 12 ПОҚ, 5 ғылым кандидаты, 5 аға оқытушы, 2 магистр жұмыс атқарады.

ОҚУ ҚЫЗМЕТІ

Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік  тәжірибелерге сай келетін  жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының  профессор-оқытушылар  құрамы мультимедиалы РРТ материалдарымен,  электрондық оқұлықтармен қамтамасыз  етуге ерекше назар аударады.  Қазіргі  таңда,  «Философия», «Әлеуметтану», «Мәдениеттану», «Дінтану», «Гендерлік саясаттың негіздері» пәндерінен электрондық  оқулықтар  дайындалынды.  Сонымен  қатар, кафедра  құрамы  сабақ  үдерісі  барысында  көптеген  электронды-дидактикалық  материалдар  қолдануды  жетілдіруге  баса  назар  аудара отырып,  кафедра медиатека  қорын  толтыруда.

Сонымен қатар, студенттермен  аудиториядан тыс жұмыс жасау мақсатында Г.Б.Нурадин,  Г.К.Мусабекова, Г.Б. Идрисовалар  Instagram, Facebook, Kontakt-әлеуметтік  желілерінде «Философия», «Саясаттану» және  «Мәдениеттану» пәндеріне арналған  «Мәдениет» және «Білімгерлер порталы» атты қоғамдастық  ашып, студенттермен  белсене  түрде  жұмыс  жасап  жатыр.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Кафедраның ғылыми қызметі үш бағытта жүргізіледі – оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы және студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмыс.

2019 жылы кафедра  професср-оқытушылар құрамының аймақтық, республикалық, халықаралық конференция мен журналдарда 28 мақаласы жарық көрді, оның ішінде: шетелдік басылымдарда - 1 мақала, халықаралық конференциялар - 18 мақала, республикалық және облыстық конференцияларда – 6 мақала, Хабаршы журналда -3 мақала жарық көрсе,  2018-19 оқу жылы  ф.ғ.к., доцент Р.Е.Джуншеев пен кафедраның  аға  оқытушысы Г.К.Мусабекованың оқу  құралдары университеттің әдістемелік, ғылыми кеңестерінде қарастырылып,   баспадан  шығарылды:

  1. Джуншеев Р.Е., Кактаева Г. Философия негіздері: Оқулық / 3-басылым, толықт., өңделген. - Астана: Фолиант, 2018. – 216 б.
  2. Джуншеев Р.Е., Мусабекова Г.К. Философия (логикалық-құрылымды кестелер мен сызбалар): Оқу құралы. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 488 бет.

Сонымен қатар, кафедраның жанында студенттерге  арналған  «Социум» үйірмесі жұмыс атқарады. Негізгі міндеті – білім беру бағдарламасынан тысқары жоғары білікті оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің жетекшілігімен студенттерді ғылымға кәсіби бағыттау, ғылыми қызметтің нақты саласына дайныдау, ғылыми жетекшіні таңдау. 1 және 2 курс студенттері таңдаған бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алады және ғылыми жобаларға қатыса алады. Үйірме қоғам мен адам арасындағы түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық, діни, ұлттық және қазіргі таңдағы интеграциялық замандағы өзекті мәселелерді қарастырып, талдауға оны студенттерге жеткізіп, түсіндіруге негізделе жұмыс атқарады.

ОҚУДАН ТЫС ҚЫЗМЕТ

Кафедра оқытушылары тәрбие жұмысы барысында оқытушылар білімгерлермен сабақтан тыс пікірталас, әңгіме, диспуттар құрып, сонымен қатар оларды білімгерлердің ғылыми конференцияларға, республикалық байқауларға дайындауда  үздіктер қатарында.

2018-2019 жылы Жамбыл облысында тұратын әр түрлі халықтардың отбасы құндылықтарын, отбасылық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін ашу мақсатында Гизатуллина доцент С.Т. Таубаевамен бірге Тараз қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында "Менің отбасым"атты зерттеу жүргізді. Қатысушылар Жамбыл облысы халықтарының отбасылық дәстүрлері туралы шығармалар мен зерттеу жұмыстарын ұсынды. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

12 қазан 2018 ж. «Ауған ақиқаты» атты ауған соғысына қатысқан  ардагерлермен  кездесу кеші өтті.

Облыстық ардагерлер кеңесінің жастар және спорт тұрақты комиссиясының мүшелері мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.к.  Көшімбетова Сейсекүл Айтжанқызы және «Философия және толеранттылық» кафедрасының аға оқытушысы Мыңбаева Мираш Бердалықызының ұйымдастыруымен «Ауған ақиқаты» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешке ауған соғысының ардагерлерінің төрағасы Ермеков Дүкенбай,  ардагер Баймағанбетов Дәулет, облыс ардагерлері кеңесінің спорт және жастар тұрақты комиссиясының төрағасы Қайпов Шыңғыс қатысты. Кездесудің басты мақсаты жастарды патриоттыққа, адалдыққа баулу аясында өтті. Майдан алаңында болып қайтқан тұлғалардың естеліктері жастардың бейбіт өмірдің құнын, тыныштықтың мәртебесін жетік түсінуге өз септігін тигізді.

Жамбыл облысы кеңесiнiң жастар және спорт тұракты комиссиясының бағдарламасы бойынша ТарГПУ, ТарГУ, ТИГУ және колледждiн жастарымен облыс  ардагерлердiн катысуымен кездесу өткiздi.

ЖЕТІСТІКТЕРІ

"Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысында және инновациялық технологияларды енгізу жоспарында белгілі жетістіктері де бар:

Оқытушылардың әдістемелік жұмыстары баспадан жарияланды:

  1. Джуншеев Р.Е., Кактаева Г. Философия негіздері: Оқулық  /3-басылым, толықт., өңделген. - Астана: Фолинат, 2018. – 216 б.
  2. Джуншеев Р.Е., Мусабекова Г.К. Философия (логикалық-құрылымды кестелер мен сызбалар): Оқу құралы. - Нұр-Сұлтан: Фолинат, 2019. – 488 бет

Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер (Куандыкова Э. Ж., Мынбаева М. Б., Жунусова Ж. Б., Мусабекова Г. К.) Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауында жүлделі орындарға ие болып, құрмет грамотасымен марапатталды. Кафедраның ғылыми үйірме студенттері 2019 жастар жылында еліміздің ғылым және білім саласын дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларға белсенді ісіңізбен үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Доцент Гизатуллина Г.А. Облыстық ғалымдар арасындағы Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық біріктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалар байқауына қатысқан үшін алғыс хатпен марапатталды.

Г.А.Гизатуллина мен С.Т. Таубаеваға Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қазақстан  халқы  ассамблеясы «Қоғамдық  келісім» коммуналдық мемлекет мекемесі  тарапынан  2018 жылы  қараша-желтоқсан айларында Қазақстан халқының ынтымағын нығайтуға,азаматтық бірегейлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда қоғамдық келісімді нығайтуға, гуманистік мұраттарға дәйекті қызмет етіп, қоғамның рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін үшін алғыс хатпен марапатталды.

Мусабекова Г.К. - «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» байқауына «Үздік  онлайн курс» номинациясы  бойынша  3 орынға ие болды, 2019 Мусабекова Г.К. -Жамбыл обл. Білім және ғылым қызметкелерінің жергілікті кәсіптік одағы Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және аймақтың қоғамдық өміріне белсене қатысқан үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қысқаша мәлімет:

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы білікті, заман талабына сай  мамандар  дайындауда ерекше  үлесін  қосып  келе  жатқан, 50 жылдан  астам бай тарихына ие кафедра болып табылады.

2019-2020 оқу жылының 1 қыркүйек айынан  бастап,  «Философия және толеранттылық» кафедрасы» «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» деп өзгертілді.  Қазіргі уақытта кафедраны филос.ғ.к., ассоц.профессор (доцент) Нұрадин Гүлхан Болатқызы басқарып отыр.

"Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы жалпы білім беретін кафедра болып табылады. Кафедра өз қызметінде 1-2 курстың студенттер мен магистранттарға «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Дінтану», «Ғылым философиясы және тарихы» пәндерін іргелі дәстүр және академиялық білімнің соңғы жетістіктерін, жаңа білім беру технологияларын үйлестіре отырып оқытады.

Кафедра құрамы

Кафедрада тәжірибелі әрі жоғары білікті профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар жұмыс істейді.

Кафедра құрамында 12 оқытушы, оның ішінде:
- 5 ғылым кандидаты
- 5 аға оқытушы
- 2 магистр заман талабы  сай педагог мамандар дайындауда ат салысып келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Қазіргі таңда жарық көрген  еңбектер:

  • 3 оқулық,
  • 10 оқу құралы
  • 12 электронды оқулық
  • 1 монография

Ғылыми ЖОБА

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді қаржыландыру конкурсы бойынша “«Қазақстан:бірлік пен әр алуандық жолында»” тақырыбындағы ғылыми Жоба аясында жұмыс жасалынуда.

Ғылыми мақалалар: 2019 оқу жылы кафедра профессор-оқытушылар құрамының аймақтық, республикалық және халықаралық  конференция мен журналдарда 28 мақаласы жарық көрді, оның ішінде:

шетелдік басылымдарда - 1 мақала,

халықаралық конференциялар - 18 мақала,

республикалық және облыстық

конференцияларда – 6 мақала,

Хабаршы журналда -3 мақала.

«ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ»

Гизатуллина Гульгина Алимжановна

философия ғылымының кандидаты, доцент

Джуншеев Расылхан Ербосынович

философия ғылымының кандидаты, доцент

Жунусова Жазира Бейсенбаева

оқытушы, тарих магистрі

Изтлеуов Абай Анесович

Аға оқытушы

Куандыкова Эльмира Жамбыловна

Аға оқытушы

Мусабекова Гаухар Курманбековна

Аға оқытушы, философия магистрі

Мынбаева Мираш Бердалиевна

Аға оқытушы

Нұрадин Гулхан Болатқызы

философия ғылымының кандидаты, доцент

Танатаров Берик Карпикович

Аға оқытушы

Таубаева Сара Тлеубергеновна

педагогика ғылымының кандидаты, доцент

Яхияев Инагам Абдукаримович

Тарих ғылымының кандидаты, доцент

 

БАЙЛАНЫС

Мекен жайы: 000008, Тараз, ул. Толе би 70, ТарГПУ, кабинет 207

Жұмыс уақыты: дүйс.-жұма 08:30 - 17:30

Телефон: 87081455415 87778073682

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе