Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы бойынша кәсіби мамандарды даярлау  5В010200 –  «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (1989 ж.бастап), 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (2004 ж. бастап)  білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылады.

Кафедра миссиясы – заманауи инновациялық және педагогикалық оқыту технологиялары және озық халықаралық тәжірибе мен білім саласындағы жетістіктерін интеграциялау негізінде бастауыш және мектепке дейінгі білім саласында бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру.

Кафедрада 15 ғылым кандидаттары, 15 магистрлар қызмет атқарады. Профессор оқытушылар құрамының 50 %-ын ғылым кандидаттары  құрайды.

Кафедра оқытушылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыру  курстарында біліктіліктерін жоғарылатуда.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының 300-ден астам ғылыми еңбектері, 100-ден астам оқу, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Республикалық және облыстық телеарналарда, баспа беттерінде және мерзімдік басылымдарда өзекті мәселелерге қатысты кафедра ғалымдарының ғылыми ізденістері мақалалар түрінде жарияланып тұрады.

Кафедра аясында заманауи технологияларға негізделген «Академик Н.Сарыбеков атындағы дәрісхана, «Академик Т.Кенжебаев атындағы дәрісхана», «Профессор А.Меңжанова атындағы дәрісхана», «Педагог С.Кулекеева атындағы дәрісхана» студенттерге қызмет көрсетіледі.

Кәсіптік практикаларды ұйымдастыруда білім беру мекемелері, қызмет көрсету салаларымен  келісімшарттар жасалған: бөбекжай-бақшалар, орта мектеп, гимназиялар және т.б.

Тараз қаласының № 7, № 20, № 33 «Айсәуле», №35 «Ер Төстік» бөбекжай - бақшаларымен және «Інжу» балабақша, мектеп - гимназия кешенімен дуалдық оқыту жүйесі бойынша  базалық  филиалы ретінде келісім шарт жасалып, екі жақты (теориялық білімдерді практикамен ұштастыра алатын) маман  даярлау жұмыстары жүргізілуде.

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы студенттерінің кәсіптік құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жүйелі түрде мектепке дейінгі  мекемелер мен гимназия - мектептерде ғылыми - әдістемелік семинарлар өткізіледі.

2018 жылдың қараша айында Республиканың мектепке дейінгі мекемелері қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру: тәжірибе мен әдістемесі» атты Республикалық семинар ұйымдастырылып, семинар материалдары 4 томдық жинақ ретінде баспадан шығарылды.

«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының студенттері үш тілді меңгеруге байланысты көп тілде білім алады.

Кафедра оқытушыларының  бастамасымен бастауыш сынып мұғалімдерінің  және мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған  біліктілігін жетілдіру мақсатында 72 сағат көлеміндегі «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер әдістемесі» және «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін модернизациялау» «Мектепке дейінгі мекемеде әдістемелік пәндерді оқыту» тақырыбында білім беру бағдарламалары дайындалды. «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері», «Критериалды бағалаудың құрылымы» атты облыстық семинарлар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұны бағытында ПОҚ құрамының біліктілігін жетілдіру қызметі де жолға қойылған. «Назарбаев зияткерлік мектебінің» базасында жаңартылған білім беру мазмұны көлемінде бастауыш сынып пәндерінен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру бағдарламалары бойынша тренерлер даярлау курсынан кафедра оқытушылары білімдерін жетілдірді.

Семестр в Чехии - презентация (Скачать)

Кафедра меңгерушісі: Кенжебаева Алима Толеуовна

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: +7 777 241 34 46; +7 747 777 4630

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

2014-2015 оқу жылынан бастап п.ғ.к., доцент Кенжебаева Алима Толеуовна кафедраны басқарып келеді. Ғылыми - педагогикалық жұмыс өтілі - 25 жыл.

Кенжебаева А.Т.  Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Математика» мамандығын 1994 жылы бітірді. Университет бітіргеннен кейін Жамбыл технологиялық институтының жеңіл және тағам өнімдерінің «Жоғары математика» кафедрасында ассистент қызметін атқарды.

1999 жылы «Студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (жоғары математика және физика курстарын зерттеу негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. Кенжебаева А.Т. 100 - ден астам ғылыми мақалаларын жарыққа шығарды. «Математикалық физика теңдеулерін шығарудың сандық әдістері», «Руководство к решению задач по аналитической геометрии», «Современные педагогические технологии в начальном образовании», «Мұғалімнің қәсіби бағдарының акмеологиялық негіздері», «Жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты бастауыш сыныптарда тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемесі» оқу құралдары:  жарыққа шығып, ЖОО - да оқу үрдісінде пайдаланылуда. Еңбек жолында «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі, «Жоғары оқу орнынынан кейінгі білім беру» департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Әр түрлі Республикалық семинарларда біліктілігін арттырып мынадай сертификаттарды иеленген: «Қашықтықтан оқытудың білім беру технологиялары» (Астана қ.), Әл-Фараби атындағы КазҰУ- нің «Жоғары мектеп менеджменті» атты біліктілікті арттыру курстары (Алматы қ.), 2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің біліктілікті арттыру курстарынан  (ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана 2015 ж.) , 2016 ж. Жоғары техникалық институты (Португалия, Порто қ), ЖОО - да «Қазіргі педагогикалық технологиялар» («Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлтты орталығы, Алматы қ.). Педагогикалық мамандық оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы курстарынан жүйелі түрде өткен. Кенжебаева А.Т. қоғамдық жұмыстарға белсене араласып республика, облыс, университет көлемінде түрлі деңгейлердегі  Құрмет грамоталары мен Алғыс Хаттармен марапатталған. Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене ат салысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсіп өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін «Ұлағатты ұстаз» номинациясында марапатталған. 2018-2019 оқу жылы аралығында «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» байқауынан ТарМПУ-де «Үздік флипчарт» номинациясы бойынша I - ші дәрежелі дипломды иеленді.

2017 жылы Кенжебаева А.Т., жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалған оқулықтарды сараптауға арналған Республикалық  комиссиясының төрайымы міндетін атқарды.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе