РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Тараз мемелекеттік педагогикалық университеті бойынша 2019 жылдың 25-29 қараша аралығында

«Жас талап – 2019» атты студенттердің Ғылыми апталығы өтеді.

Апталыққа қатысатын барлық студенттердің жұмыстары төмендегі талаптарға сай және түгел болмаған жағдайда қатысу құқына ие болмайды.

Конкурсқа қатысу талаптары:

1. Талапқа сай рәсімделген ғылыми жұмыс (гуманитарлық ғылымдар – 40 бетке дейін; жаратылыстану ғылымдары – 30 бетке дейін) Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -1,5 см, сол -3 см. Шрифт: Times new Roman, кегль – 14. Жоларалық: 1 интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см. Кестелер, схемалар, суреттердің аты жазылып, Windows-та терілуі керек.

2. Жұмыстың рефераты (5 бет);

3.  Жұмыстың түйіндемесі (қосымша 1);

4.  Ғылыми жетекші мен автор (авторлар) туралы мәлімет (қосымша 2);

5.  Сыртқы ұйымдардан  рецензия (1 дана);

6.  Жұмысты өз бетінше жазу деңгейі туралы жетекші пікірі;

7.  Фотосурет (3х4) – 1 дана;

8.  Жұмыстың электрондық  нұсқасы (СD н/е RW дискте);

9. Кафедра меңгерушісі қолымен расталған жұмысты байқауға ұсыну туралы (дәлелденген) кафедра шешімі.

10. Барлық жолдама құжаттар брошюраланған түрде (немесе парақ саны көрсетілген файл папкасында) өткізіледі;

 

Декан қолымен расталған қатысушылар тізімі 2019 жылдың 1 қарашаға дейін өткізілуі тиіс, тізімге енгізілмеген

жұмыстар қабылданбайды.

Жұмысты өткізу мерзімі- 15 қараша 2019 ж., сағат 1700 -ге дейін.

Толық ақпаратты 3 ғимарат, 219 кабинет, Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінен ала аласыздар.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ!

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе