«Sanaly urpaq»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Ресей Федерацияның Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті және Түркияның Карабюк университетімен бірлесе 2020 жылдың 27-28 ақпанында «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» атты І Халықаралық педагогикалық оқуларын өткізеді



«Білімді бағындырған-әлемді бағындырады!»

«Білімді бағындырған – әлемді бағындырады!» Осындай тақырыпта 9-10 қыркүйекте экономика ғылымдарының докторы Орынбеков Әмірбек атындағы лекция залы мен 2 оқу ғимаратындағы акт залында ТарМПУ ғылыми-ақпараттық кітапханасының ұйымдастыруымен виртуалды экскурсия өтті. Ұйымдастырылған іс-шараға I курс студенттері қатысты.

Экскурсия мақсаты – алғашқы курс студенттерін ТарМПУ Ғылыми-ақпараттық кітапханасында оқырмандарға ақпараттық электронды қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхананы пайдалану Ережесі мен кітапханаға жазылу тәртібі, түнгі абонемент қызметін пайдалану жолдарымен таныстыру. Сонымен қатар, кітапхана қорын  жаңа әдебиеттер және мерзімді басылымдармен толықтыру жолдары мен тәртібі, Электронды кітапхананы пайдалану, кітапхана Web-порталы, Ақпараттық ресурстарды тарату және ұсыну қызметі өзіндік, отандық, ресейлік электронды кітапханалар мен Әлемдік Web of Science, SpringerLink, Elsevier (ScienceDirect, Scopus) толық мәтінді дерекккөздерімен жұмыс істеу тәсілдері де негізгі әңгіме өзегіне айналды.

Айта кетейік, 2 күнге жалғасқан жиынға «Педагогика жоғары мектебі» мен «Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің»  білімгерлері қатысты.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе