РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекованың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының Жамбыл облысында іске асырылуы бойынша кеңес отырысының № 2 хаттамасының 6-тармағында көрсетілген тапсырмаға сәйкес, 2019 жылдың 10-қыркүйегінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми-ақпараттық ашық алаң кітапханасында  «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған ағылшын дінтанушысы К.Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны»  атты еңбегін гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің тарих мамандығы студенттеріне жеткізу мақсатында семинар өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері Әбілхайыр Сабырұлы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті филос.ғ.к. Расылхан Ербосынұлы Джуншеев қонақ ретінде шақырылып, өз ойларымен бөлісті.

«Рухани жаңғыру» мақаласынан кейін құрылған ұлттық аударма бюросы ең үздік деген 100 оқулықты қазақ тіліне аударуды қолға алып, философия, әлеуметтану, дінтану және психологияны қамтыған 18 кітап аударылды. Аталған оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ.

«Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» ғылыми кітабы әлемнің 40-қа жуық тіліне аударылған. Бұл кітапта адамзаттың басын біріктіруге ұмтылатын идеялар шоғырланғандығы және діндердің тарихын зерттегенде бір-бірінен бөлектемей, керісінше сабақтастыра отырып, адамзаттың жалпы  бір Жаратушыны тануға деген ізденістерін баяндаған. Еліміздегі жоғары оқу орнында гуманитарлық мамандықта білім алатын студенттердің ғылыми танымдық оқу құралы болмақ.

Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының

жетекші маманы Б.Қ.Алпысбаев

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе