РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



Білімге бастайтын сара жол

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекет дамуының маңызды стратегиялық бағыттарын нақтылап берді.

Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғаннан бері еңсеміз еселеніп, егеменді ел болып, есімізді жинап, жоғалтқанымызды тауып, ұмытқанымызды шүкіршілікпен еске алып, елдігімізге оралдық. Ата-бабаларымыз талай заманды бастан кешіріп, көрген-білгендерін саралап, жақсы мен жаманды пайымдап, өмір сабақтарынан кемеңгерлікке ойлар тоқып, ақыл-өсиет, мақал-мәтел, өрнектелген тәлім-тәрбиелік сөздерді кейінгі ұрпақтарға әспеттеп жалықпай жинаумен қатар өздері де сол пайымда өмір сүрді. Осы асыл қазыналардың қайнар бұлағының кәусар суынан сусындаған адам ұрпақтары ғасырдан-ғасырға жалғасып өсіп келеді. Міне, осы асыл қазыналардың арқасында ұлттық қалпымыз құралып, ата-салтымыз, әдет-ғұрпымыз қалыптасып, ұлттық тұлғамыз сомдалды. Осының барлығы  Қазақстанның Тұңғыш Президенті –  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының, жүйелі жүргізілген реформалардың арқасы екендігін тарих айқындады.

Жолдауда президент пен парламенттің бірлесіп  атқаратын жұмыстары, халықтың мұң мұқтажына жергілікті өкілетті ұйымдардың  жауапты екендіктері және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері туралы тұщымды ойлар айтылды.

Қазақстан көпэтносты мемлекет. Сондықтан, бірлігімізді нығайту, этносаралық татулықты және   дінаралық түсінікті  қалыптастыру – әр ұлт өкілінің міндеті.

2020 жылы елімізде орта ғасыр ойшылы әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары атап өтілмек.

Тараз мемлекеттік университетінің стратегиялық жоспарына сәйкес «Дарынды ұстаз» факультетінде ұлы Абайдың «толық адам» ілімі кеңінен насихатталып, Абайтану және Тұлға психологиясы т.б. қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Абай мұраларында жеке тұлғаны қалыптастыруда ізгілік, адамгершілік қасиеттердің басым болуы, ата-бабамыздан қалған ізгі мұралардың бірі де бірегейі екендігі терең қарастырылған.

Қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты обьективті қажеттіліктен туындайтыны анық. Сол себепті де  қашанда «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасын ұстануымыз қажет.

Ұлы ұстаздың ағартушылық көзқарасының алтын діңгегі – толық адам тәрбиесі, содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Сонда адам мұраты мен халық мүддесін ұштастыратын тәрбиедегі басты нұсқа қандай десек, ұлы Абай «ақыл сенбеген іске сенбе, ондай іске кіріспе», әуелі білім, ғылым өнер жолын таңдап алып, естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап» деп, жол сілтейді. Осындай адамдары бар елдің де келбеті түзік болатыны хақ.

Ұлы ұстаз жан-жақты кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы – адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады.

Қазақстанның кемел болашағы білім мен тәрбиені тең ұстаған,  ұлтын шексіз сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін жалынды жастарында десек, сол жас буынды адамзат қоғамының игілігіне бағытталған  рухани құндылықтардың қалыбында тәрбиелеудің жаңашыл бағыт бағдарлары мен негізін жүйелеу міндеті заманауи үрдістермен тығыз сабақтастықта болуы заңды. Біз жастардың санасына білімділіктің мәдениетке бастайтын сара жол екенін, ғылым мен білімнің нәтижелері, нанатехнология - бәрі адамзаттың игілігі мен байырқалы өмір сүруі үшін жасалатын құндылықтар екендігін жете ұғындыруымыз қажет.

Осыған орай, жастарды мүмкіндігінше мемлекет басшысы  жолдауы аясында жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерін  меңгеруге, отандық және әлемдік рухани қазыналардың, әдебиеттің терең мұраларын жете танып-білуге, имандылыққа, өнертапқыштыққа, жаңашылдыққа, салауатты өмір салтына бейімделуге баулу  міндеттері алдымызда тұр.

Ибраимова Лескүл Нұсұпқұлқызы

«Дарынды ұстаз» факультеті деканы,п.ғ.к., доцент

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе