РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлының 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтауы!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер! Баршаңызды 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күнімен  құттықтаймын! Бүгінгі мереке елімізде тұратын барша ұлт өкілдерінің мерекесі. Ана тіліміздің мәртебесін асқақтату, қолдану аясын кеңейту – бүгінгі қоғамның басты мәселесі. Ана тілі – халқымыздың асыл қазынасы, рухани байлығы. Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Аталған Жолдауда ел Президенті «Қоғамдық келісімді нығайту» деген төртінші бөлімде: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн.»,-деп тіл мәселесін де ұмыт қалдырған жоқ. Президентіміздің бұл бағыттағы қойған міндетін жоспарлы түрде орындау сіздердің де, менің де азаматтық борышымыз екенін айтқым келеді. Алдағы уақытта ана тіліміз – қазақ тілінің ұлтаралық қатынас құралына айналу үшін өз үлесімізді қосып, бірігіп жұмыс жасауға дайынбыз. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ұмытпайық!

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе