РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



Рухани құндылықтар - Ел дамуындағы маңызды фактор

Күні кеше ғана Қазақстан Президенті "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдауын жасады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған ең алғашқы Жолдауы тарихи маңызды құжат деп санаймыз. Қасым -Жомарт Кемелұлы алғашқы жолдауында-ақ адам өмірінің сан-саласына қатысты: білім, денсаулық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау,т.б. жағдайларына жан-жақты, терең талдау жасап, еліміздің тыныс-тіршілігінен өзінің жан-жақты хабардар екендігін сенімді түрде паш етті және халықты толғантатын мәселелердің түйткілі шешіліп, оны түбегейлі жақсарту бағытында нақты міндеттер қойып отыр. Осы Жолдауда бізді бір серпілтіп, қуаныш сыйлаған жайдың бірі, талай жылдан бері ең алғаш баса назар аударылып, нақты аталғаны – мәдениет қызметкерлерін қолдау. «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз... Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе» деп атап көрсетті. Шындығында әр адамның жеке байлығы – бос уақыты десек, бос уақытты барынша тиімді пайдалану әрбір адамды толғандырады. Бос уақытта айналысатын іс-әрекет түрлері, әрине, кітап оқу, театрға, концерттерге бару, спортпен айналысу екені белгілі. Ендеше, осы салада мәдениет, өнер, туризм, білім беру және ақпарат құралдарында, әлеуметтік - мәдени мекемелерде ұлттық мәдени құндылығы бар халықтың рухани мәдениетін дамыту және жетілдіру мақсатында тер төгетін қаншама азаматтарымыздың еңбегі еленбек. Сондай-ақ, Ұстаз университетінде халықтың танымдық, коммуникативтік, рекреациялық, сауықтық және шығармашылық демалысын нәтижелі ұйымдастыру кеңінен қарастыратын "Мәдени-тынығу жұмысы" білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттеріміздің де «осы кәсіптің беделін айқын түсініп», жаңаша көзқараспен, жігермен білімге ден қоятынына сеніміміз зор. Жолдау жарияланбас бұрын да Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайды, қоғам қайраткері Н. Оразалинді қабылдап, рухани құндылықтар ел дамуындағы маңызды фактор екеніне назар аударып, заман талабына сай жаңа әдеби шығармалар жазылып, әдебиет пен өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажет екенін, сондай-ақ, Қазақстанның Театр қайраткерлері одағының төрағасы Т. Жаманқұловты, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Т. Теменовті қабылдап, халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта мәдениетке, театрға, киноға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде көңіл бөлу өз жалғасын табатынын айтқан болатын.

ТарМПУ, Өнер және спорт жоғары мектебінің доценті,

филология ғылымдарының кандидаты А.Ж. Кәрібекова

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе