«Sanaly urpaq»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Ресей Федерацияның Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті және Түркияның Карабюк университетімен бірлесе 2020 жылдың 27-28 ақпанында «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» атты І Халықаралық педагогикалық оқуларын өткізеді



1 курс студенттеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің» деканы Исабекова Гүлнұр Болатбекқызы мен «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Тұрсынай Рыстайқызы 1 курс студенттеріне арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінің жайы мен оқытудың кредиттік технологиялары және олардың ерекшеліктері туралы, сондай-ақ, білім беру процесіндегі бағалаудың түрлері туралы айтылды. Оқу орнына жаңадан қадам басқан студенттер үшін тағылымы мол шарада оқу барысында кездесер қиындықтар мен емтихан тапсырудың ерекшеліктері, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бойынша шет елде оқу мүмкіншіліктері де барынша түсіндірілді. Түсіндіру шарасының қорытындысында жоғары мектеп басшысы мен кафедра меңгерушісі барша студенттерге алдағы оқу жылында биік жетістіктер мен жеңістер тілеп, олардан үлкен нәтиже күтетіндіктеріне сенім артты.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе