РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры

ӘЛІМБАЕВА СӘУЛЕ ҚҰРМАНТАЙҚЫЗЫ

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры

Сауле Құрмантайқызы Алимбаева 1976 жылғы наурыздың 20-ы күні Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1993 жылы В.И. Ленин атындағы №1 мектеп-гимназиясын үздік тәмәмдаған. Сол жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Экономика факультетін «Экономика және инфрақұрылым менеджменті» мамандығына оқуға түсті. 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік бітіріп, «инженер-экономист» біліктілігін алды.

1998 жылы Экономика факультетінің Кеңес шешімімен «Экономикалық әлеуметтану» мамандығына аспирантураға түсті. 2001 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  Саясаттану және әлеуметтану кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде «Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік процесстер  және институттар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын  қорғады. Осы жылы аға оқытушы қызметіне ауысты. 2007-2008 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдары  факультетінде деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2011 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  «Педагогика, психология және тарих» кафедрасының доцент м.а., 2012 жылдан бастап   Гуманитарлық-әлеуметтік  ғылымдар  факультетінде әдістемелік бюроның төрайымы қызметін атқарды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бері Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Тіркеуші офисінің басшысы қызметін атқарады.

Байланыс телефоны: +7 (7262) 42-63-91

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support