Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

TARAZ STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY Invitation to the International Forum THE THIRD INTERNATIONAL FORUM ON CULTURAL EXCHANGE AND COOPERATION BETWEEN CHINA AND CENTRAL ASIA



Елбасы еңселеткен Елорда!

There are no translations available.

Бүгін Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетіндегі  ҚР Тұңыш Президенті атындағы мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласы Елорда күніне орай «Елбасы еңселеткен Елорда!» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы – Дауыл Ынтықбайұлы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ ЖОФ директоры-Қасымхан Төлендиев пен облыстық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары – Сансызбай Жорабеков, сондай-ақ профессор оқытушылар құрамы қатысты.

Елорда – халқымыз үшін тәуел­сіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі.

Біздің бас қаламыз бүгінде экономикасы қуатты, индустриялық-инновациялық әлеуеті нығайған, сәулеті келіскен қала ретінде бүкіл әлемге танылып отыр. Ол қысқа уақытта салынған айбынды мегаполис, тәуелсіздіктің символы. Күллі дүние жүзі мойындап отыр­ғандай, осының бәрі де – Көш­бас­шымыздың көрегендігі мен ке­меңгерлігінің, болашақты бол­­жай білгендігінің, батыл баста­ма­­шы­л­ды­ғы­ның, ізгілігі мен ізде­нім­паз­дығының нәтижелері әрі жеңістері мен жемістері.  Елордамыз – Елбасымыздың ерен ерлігі десек те болады. Мұны жер жүзінің екі жүз­г­е жуық мемлекеттерінің баршасы мойын­дайды.

Конференцияда PhD доктор, «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасының  меңгерушісі -  Аурика Серубаева «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбында, п.ғ.д., профессор, «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі - Тұрсынай Әбдіқадырова болса «Ұлы дала төріндегі әсем қала Астана!» атты тақырыпта баяндамалар жасады. Ал, ғылыми – инновациялық қызмет бөлімінің басшысы - Гүлнұр Исабекова «Nursultan in reflection» тақырыбында дайындаған баяндамасын ағылшын тілінде қатысушылар назарына ұсынды.

Айта кету керек, бұдан бөлек оқу ғимаратының алдында «Жібек жолы» халықтық оркестрінің музыкалық арнауы мен «Елбасы және Елорда- егіз ұғым» атты қолөнер және сурет көрмесі ,сондай-ақ,  кіреберіс дәлізде «Елбасы еңселеткен Елорда!» атты кітаптар көрмесі де ұйымдастырылды.

Конференция соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсті.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar