«Sanaly urpaq»

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

Dear friends, Taraz State Pedagogical University invites you to a free course on preparation for olympiads and tournaments on astronomy and astrophysics, as a part of the social project "Social missions of Ustaz University".



Халықаралық жазғы мектептің ашылу салтанаты өтті

There are no translations available.

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінде PAS халықаралық ұйымының жазғы мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге университет басшылығы, профессор-оытушылар құрамы мен студенттік белсенділер, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

Концерттік бағдарламамен әрленген ашылу салтанатында корейлік еріктілер тобы, сахна төрінде ән мен биден шашу шашты.

Оңтүстік Кореядан келген 25 еріктілер Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкерлерін, Тараз қаласындағы орта мектептердің оқушыларын әртүрлі деңгейде 3 апта бойы оқытатын болады. Тілдік курстардан басқа, волонтерлар корей елінің ұлттық музыкасы мен өнері, ұлттық спорттық ойындары бойынша білімдерімен бөлісіп, сондай-ақ салауатты өмір салты тақырыбында да  лекциялар жүргізеді.

Бұл бағдарламаның мақсаты мәдениетаралық қарым-қатынастарды нығайту,екі ел арасында достық көпірін құру. Кореядағы үздік ұлттық университеттердің студенттері соңғы бірнеше жылда Тараз қаласында корей жазғы мектебін өткізіп келеді. Халықаралық ұйыммен бірлескен жұмыс арқасында «Ustaz» университетінің студенттері үлкен табыстарға қол жеткізуде. PAS халықаралық ұйымы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдениеттерімізді тереңдету және жастарды жаһандық көшбасшылыққа дайындау үшін жұмыс жасайды.

Қазір жастар арасында корей тілін, мәдениетін және тарихын білуге ​​деген сұраныс артып келеді, сондықтан PAS ұйымының тілдік курстары, мәдени алмасулары мен түрлі ойын-сауықтық бағдарламалары Қазақстанның мүдделі студенттеріне үлкен мүмкіндіктер ашады.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar