Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

TARAZ STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY Invitation to the International Forum THE THIRD INTERNATIONAL FORUM ON CULTURAL EXCHANGE AND COOPERATION BETWEEN CHINA AND CENTRAL ASIA



Жас келсе – іске...

There are no translations available.

Бүгінде Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынғаны барлығымызға белгілі. Мұндағы 7700-ден астам тұрғын үй толық жөндеуден өтеді. Қазір қала 17 секторға бөлініп, онда жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Қиын кезеңде зардап шеккен мекенге көмек қолын созу әрбір азаматтың парызы екенін ескере отыра, «Ustaz» университетінің белсенді жастары мен қызметкерлері де мұндай рақымы мол істен шетте қалып отырған жоқ. Арнайы құрылған топ, облыстан барған штаб мүшелерімен бірге, өздеріне тиесілі 3-секторда орналасқан үйлерді қалпына келтіруге кірісті. Сондай-ақ басқа да тұрғындарға қажетті қоғамдық жұмыстарға араласып, ел қамына бей-жай қарап отырған жоқ. Сектор жұмысына облыстың аудан, қала әкімдіктерінен жалпы саны 640 жауапты азамат бекітілді. Қалада алғашқылардың бірі болып, біздің Жамбыл облысының штабы құрылған. Мұндағы 9 көшеде 327 жеке тұрғын үй орналасқан. Әулиеаталықтарға осы нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүктеліп отыр.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar