Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПРИГЛАШАЮТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ ТРЕТЬЕГО МЕЖДУНАРОДНОГО ФОРУМА «КУЛЬТУРНЫЙ ОБМЕН И СОТРУДНИЧЕСТВО МЕЖДУ КИТАЕМ И ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИЕЙ»



БАҚ өкілдері арасында кіші футболдан «Ректор кубогына» арналған турнир өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдері арасында алғаш рет "РЕКТОР КУБОГЫНА" арналған кіші футболдан турнир өтті. Аталған турнирге облыстық "JAMBYL TV", "77 TV" телеарналарының журналистері, "AR-AI" жастар газетінің ұжымы, меншікті тілшілерден құралған "Taraz-Press" командасы мен университетіміздің "ҰСТАЗ"  командасы қатысты. "ТАРАЗ-АРЕНА" спорт кешенінде ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында университет ректоры Ержан Әмірбекұлы журналистерді төл мерекелерімен құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Журналистер жақсы ойын өрнегін көрсетіп, бір-біріне есе жібермеді. Алайда, жарыс болған жерде жеңіс пен жеңілістің қатар жүретіні рас. Ойын нәтижесі бойынша  облыстық "77 TV" телеарнасының қызметкерлері үшінші орынға ие болса, екінші орынды "TARAZ-PRESS" командасы иеленді, ал бірінші орынға университетіміздің "ҰСТАЗ" командасы тұрақтады. Жеңімпаздарға арнайы кубок пен ақшалай сыйақылар берілді. Сонымен қатар "JAMBYL" телеарнасы мен "AR-AI" газетінің журналистеріне дипломдар мен алғыс хаттар тапсырылды. Ойын барысында өзгелерден өзгеше екенін көрсеткендерге арнайы номинациялар да берілді. Мамытқұлов Әлқуат "Үздік ойыншы" номинациясын иеленсе, Қыстаубеков Нұрбол "Үздік қақпашы" номинациясын иеленді.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь