Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

КАФЕДРА «РУССКАЯ ФИЛОЛОГИЯ» ОБЪЯВЛЯЕТ О ПРОВЕДЕНИИ КОНКУРСА ЭССЕ СРЕДИ СТУДЕНТОВ І КУРСА ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ ГУМАНИТАРНЫХ НАУК К 175- ЛЕТИЮ СО ДНЯ РОЖДЕНИЯ ВЕЛИКОГО АБАЯ.



«Ustaz» университетінің түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті

There are no translations available.

Тараз мемлекеттік педагогикалық  университетінде 2019 жылдың бітіруші түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Ұстаз университеті жарты ғасырдан астам тарихында 38 мыңнан аса түлекке сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, ұлт зиялыларының қатарында ұлағатты ұстаздардың көбеюіне үлкен үлес қосты. Енді міне, бұл сан биылғы бітіруші түлектермен тағы да толығып отыр. Жалпы саны -1732 студент (753-күндізгі, 979-сырттай) биыл оқу орнын тәмамдады. Оның 203-і қызыл диломдарын сәтті қорғап шықты. Бұл университет үшін үлкен нәтиже деп білеміз.

Салтанатты рәсімде алғаш болып университет ректоры – Ержан Әмірбекұлына құттықтау сөзі берілді. Өзінің жүрекжарды тілегінде ол : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай атамыз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Сондықтан да университет қабырғасында алған білімідеріңізбен Егемен Еліміздің өркендеп-дамуына елеулі үлесін қосып, еліміздің білім саласының білікті маманы болатындарыңызға біздің сеніміміз мол.
Ертең сіздер өз университеттеріңіздің атын әлемге абыроймен шығарып, халықаралық деңгейде атағын биік ететіндеріңізге де бек сенемін. Қай жерде болсаңдар да, қай жолмен жүрсеңдер де, сіздер үшін жолдарыңыз таза әрі жарқын болсын. Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, өсіп-өнуіне лайықты қызмет ету жолында баршаңызға зор денсаулық, мол табыстар тілеймін!, - деп жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ шара барысында, университеттің қоғамдық шараларына белсене атсалысып, үздік деп танылған түлектердің ата-аналарына да құрмет көрсетіліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Және де  факультет декандары жоғары білікті мамандарды дайындауда қосқан үлесі үшін оқытушыларға зор ризашылығын білдіріп, оларға да  алғыс хаттар табыс етілді. Өз кезегінде жас мамандар төрт жыл бойында саналы тәрбие, сапалы білім берген ұстаздарына жүрекжарды тілектерін де жеткізді. Шара соңы түлектер құрметіне арналған концерттік бағдарламамен ұласты.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar