Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРГПУ ПРИГЛАШАЕТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «КИТАЙ И ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ: К НОВОМУ КАЧЕСТВУ СОТРУДНИЧЕСТВА И РАЗВИТИЯ»



Байқау! Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар – 2019!

ТарМПУ профессор-оқытушы құрамы арасында кезекті «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» байқауы өткізілетінін хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты: профессор-оқытушылар құрамын инновациялық білім беру қызметіне ынталандыру, интерактивті оқыту әдістерін, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кәсіби қызметінде белсенді қолданып жүрген оқытушыларды қолдау, сапалы сандық оқу материалдарының қолжетімді базасын құру, бәсекеге қабілетті ақпараттық-коммуникативтік оқу ортасын жасау, педагогтардың электрондық білім беру технологияларын құрастыру мен қолданудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісу.

Байқау келесі номинациялар бойынша ұйымдастырылады:

- Үздік ашық сабақ;

- Үздік флипчарт;

- Үздік бейнесабақ;

- Пәннің электрондық контенті;

- Инновациялы оқытушы;

- Үздік онлайн сабақ.

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

І кезең: факультет деңгейінде.

ІІ кезең: университет деңгейінде.

Факультет деңгейінде сараптамадан өткен байқау материалдары хатталып, 19.04.2019 ж. дейін ББИжХБ орталығына өткізілуі тиіс (ұсынылатын өнімнің 5 минуттық видеопрезентация түрінде дайындалып, электронды нұсқасы болуы шарт).

Байқау материалдарына қойылатын критериалды талаптар жайлы "Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар" Байқауы Ережесінен білуге болады.

Ұйымдастырушы:

Білім берудегі инновация және халықаралық байланыстар орталығы

Қосымша ақпараттар алу үшін 51-00-93 телефонына хабарласуға немесе төмендегі электрондық адреспен хат алмасуға болады: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Қосымша байланыс телефондары:

+7 777 649 6788 Дүйсенова Назым Тұрсынбайқызы

+7 775 875 7191 Есқараева Ақерке Қаныбекқызы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь