РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

2019 ЖЫЛДЫҢ 25 СӘУІРІНДЕ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТЕТІН «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ



Сандық оқыту контентін жандандыруға арналған семинар-тренингтер басталды

Білім берудегі инновация және халықаралық байланыстар орталығының ұйымдастыруымен ПОҚ-на арналған «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» 72 сағаттық оқыту семинар-тренингтері өз жұмысын бастады.

Негізгі мақсаты:

  • оқытушылардың АКТ құзырлылықтарын арттыру
  • сандық оқыту контентін құрастыру
  • виртуалды аудиторияда жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру және виртуалды аудиториямен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
  • Flipped Teaching («перевернутое обучение») әдісін жүзеге асыру.

Бүгінгі таңда оқытудың перспективті моделдерінің бірі– «flipped  learning» (төңкерілген оқу) әдісі болып табылады.

Сондықтан, семинар-тренинг барысында оқытушылар өз пәндері бойынша виртуалды аудиториялар жасақтайды, оны электронды оқу контентімен толықтырады, түрлі тапсырмалар құрастырып, Flipped Teaching әдісін тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік туады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылып отырған осындай семинар-тренингтер профессор-оқытушылар құрамының АКТ құзыреттіліктерін арттырып қана қоймай, сондай-ақ, оқытудың жаңа технологияларын меңгеруге, түрлі бағдарламаларды білім беруде креативті түрде қолдануға, ақпараттық мәдениеттілігінің артуына, студенттердің өз пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыра алуына мүмкіндік берері сөзсіз.

Алдыңғы уақытта профессор-оқытушылар құрамы өте оңай және тиімді бағдарламалар көмегімен видедәрістер жасап, оны өңдеудің сан түрлі функцияларымен танысып, оны тәжірибе жүзінде қолдануды толықтай меңгере алатын болады.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе