РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



Қолданбалы антропология пәні бойынша ашық тәжірибелік сабақ өткізілді

«Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының оқытушысы, техника және технология магистрі Жаңқожаева Айнагүл Құдайбергенқызы факультет көлемінде ПО-17-1 тобы 2 курс студенттеріне Қолданбалы антропология пәні бойынша «Адам денесінің анатомиялық құрылысын (қаңқа құрылысын) зерттеу тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді. Сабақта «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының оқыту бағдарламасы бойынша оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолданды.

Деңгейлі бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып -Диалогтік оқыту, -Сыни тұрғыдан ойлау, -Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, -АКТ ны қолдану модулін және «Атаулар кестесі», «Аялдама», «Қарлы кесек», «Kahoot программасы» белсенді әдіс-тәсілдерін пайдаланып ашық сабақ тақырыбын жан-жақты ашты. Білімгерлер топ болып өздігімен спикер сайлап постер қорғау арқылы ашық сабақ тақырыбын аша білді. Студенттер деңгейлі бағдарламаның жеті модулімен қатар белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану сабақ мақсатын ашып даярланғанда топта құлшыныс пен шабыт береді деген әселерімен бөлісіп әр сабағымыз белсенді әдіс-тәсілдерді қолданумен өтілсе деген тілектерін білдірді.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе