РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



ТарМПУ-да Спартакиада ойындары басталды

Спортпен жүйелі айналысу  мықты денсаулықтың кепілі мен салауатты өмірдің басты принципі екені баршаға мәлім. Осыны ескерген Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті жыл басын әр дайым дәстүрлі спартакиада ойындарынан бастайды. 2019 жыл да қалыс қалған жоқ. Қаңтардың 4 жұлдызында университет факультеттерінің арасында спорттық сайыстардың науқаны «Президенттік көпсайыс» ойындарынан басталды. Спартакиада ойындарында барша факультеттердің деңгейі тең болуы үшін «Дене шынықтыру» кафедрасының студенттеріне сайыстарға қатысуға тыйым салынған. Қаңтардың 17-не дейін жоспарланған шарада дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, баскетбол, волейбол мен кіші футбол ойындарынан сайыс өтеді деп жоспарлануда. Ойын нәтижиелері мен жеңімпаздар тізімі алдағы уақытта жарияланбақ. Әзірге қатысушыларға сәттілік тілейміз.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе