РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ҮЗДІК МУЛЬТИМЕДИАЛЫ ОҚУ ӨНІМІ» ВИРТУАЛДЫ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ



Жаңабаев Нұрсұлтан кәсіпқой бокстан Азия чемпионы атанды

Отандасымыз Жаңабаев Нұрсұлтан ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Мәскеу қаласында кәсіпқой бокстан өткен Азия чемпионатына қатысып жоғары көрсеткіш көрсетті. Шаршы алаңның төрінде шапшаңдық пен дұрыс тактика қолдана алған былғары қолғап шебері чемпион атанып, жеңімпаз белдігіне қол жеткізді. Ұлт намысын әлем деңгейінде қорғап жүрген кәсіпқой боксшыны Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы жеңісімен құттықтап, спорттық мансабында тек қана толағай табыстарға жетуіне тілектес болды. Жаңабаев Нұрсұлтан 2010-2014 жылдар аралығында ТарМПУ-тінің Дене шынықтыру және спорт мамандығын тәмамдап, қазір өз саласында жетістікке жетіп жүрген үлгілі түлек.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе