РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 24-25 ҚАНТАРЫНДА «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ IІ-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ.



ТарМПУ-да университет аралық республикалық турнир өтті

2018 жылдың 21 желтоқсан күні Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде  «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» атты ректор кубогінен республикалық турнир өтті. Астана қаласының 20 жыл мерейтойы мен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан сайыс «Олимпик» спорт кешенінде өтті. Аталмыш турнир университет оқытушылары және студенттері арасында ұйымдастырылды. «Ұстаз спорт клубы», «Дене шынықтыру кафедрасы» және «Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өткен аламан додаға Сүлеймен Димерел университеті, Нархоз университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз инновациялық-гуманитарлық  университеті қатысты. Белсенді, шымыр студенттерді қолдау мақсатында Жамбыл облысы әкімшілігінің қызметкерлерінен жасақталған құрама команда да сайысқа қатысып, бақ сынады. ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлының кубогын алу үшін білектің күші мен шапшаңдыққа, және жүйелі ойластырылған тактикаға сүйенген командалар сайыс алаңында шебер ойын көрсетті.

Ойыннын нәтижесі бойынша студенттер арасындағы жасақталған топтан жарып шыққан командалар қатарында 3 орынды Нарxоз университетінің студенттері алды. 2 орынды қанжығасына байлаған ТарМПУ студенттері болса, 1 орынды ТиГУ студенттерінің құрама командасы иемденді. Ал оқытушылар командасы арасында 3 орынды иеленген Нарxоз университеті болса, 2 орынды облыс әкімшілігінің қызметкерлерінен жасақталған «Тараз-Пресс» командасы алды, ал 1 орынды ТарМПУ командасы иемденді.

Сондай-ақ, жақсы ойын көрсеткені үшін, команда мүшелері қосымша марапатқа ие болды. Олардың қатарында Саурықов Ерболат Байұзақұлы, Биболатов Дарxан Даулетxанұлы, Мұқашов Қайрат Мұратбекұлы, Омаров Баxыт Серікбайұлы, Манкибаев Самат, Таубай Мұрат Берікұлы, Қасымов Сұлтан Берікұлы қосымша сыйлықтармен марапатталды.

Бұл турнирге қолдау білдіріп, өз тарапынан Нарxоз университетінің ректоры Эндрю Ваxтель алғыс xатын жолдап аталмыш шараны қолдайтындығын жеткізді. Алдағы уақытта мұндай шаралар өз жалғасын тауып, ЖОО арасында қарым-қатынас арттыратына сенім мол.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе