РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



«Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 2019 жылдың 24-25 қантарында « Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер  және шешу жолдары» атты IІ-ші Республикалық педагогикалық оқуларын өткізеді.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқулардың мақсаты - Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; цифрлы Қазақстан жағдайында жаңартылған білім беру моделін құру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыру; Назарбаев зияткерлік мектептері мен   Назарбаев   университетінің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау; педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру; оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және  білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Білім беру  ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және  командада  жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің  оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік  мектептер үшін бірыңғай  стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі  болады.

Білім сапасын  бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс» - деп  атап көрсетілген 2-ші басым бағытының идеяларын жүзеге асыруға бағытталған.

ІI-ші Республикалық педагогикалық оқулар келесі бағыттарда жұмысты жүргізеді:

1. Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: қазіргі жағдайы және болашағы.

2. Қазақстан Республикасында жаһандық бәсекеге қабілетті үштілді педагогикалық кадрларды дайындауда дуалды оқыту жүйесін ендіру және жүзеге асыру жолдары.

3. Цифрлы Қазақстан жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру: инновациялық тәжірибе және әдістеме.

4. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім беру  сапасын арттыру жолдары:  Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің  инновациялық тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау.

5.  Қазақстан Республикасында педагог мәртебесі: инновациялық тұжырымдама.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқу барысында төмендегідей байқаулар өткізіледі:

1)      «Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені (үздік портфолио)».

2)      «Үздік оқулық (оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал)».

3)      «Үздік электронды оқулық».

4)      «Үздік мультимедиалық өнім».

5)      «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)».

6)      «Үздік ғылыми инновациялық жоба».

7)      «Үздік авторлық бағдарлама».

8)      «Үздік сабақ жоспары».

9)        «Үздік тәрбиелік іс-шара жоспары».

10)  «Үздік шебер-сынып».

11)  «Үздік  педагогикалық эссе».

12)    « Педагог мәртебесі» үздік постер .

Байқаудың мақсаты – жаңашыл мұғалімдердің инновациялық іс-тәжірибесін

үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтың креативті әлеуетін жетілдіру.

 

Байқаудың міндеттері:

-          заманауи оқу-әдістемілік кешенінің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту;

-          инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені

үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау;

-          жаңашыл педагогтардың жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әуелетін арттыру;

-          жаңашыл педагогтарды ғылыми әдістемелік белсенділігін ынталандыру;

-          өзара тәжірибе алмасу.

 

Байқауға қойылатын талаптар:

-          байқауға ұсынылатын өнімдер 2018 жылдың қаңтарынан қазіргі кезеңгі аралықта

дайындалған болуы керек;

-          басқа байқауға ұсынылғын өнімдер қабылданбайды;

-          5 минуттық презентация дайындау қажет;

-          ұсынылатын жұмыстар мазмұны байқаудың мақсатына сәйкес келуі қажет:

жаңашылдық, ғылымилық, шығармашылдық, тәжірибеде қолданыс табуы.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқулар аясында

жаңашыл педагогтардың шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтер және инновациялық өнімдердің көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқулары төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

-          пленарлық мәжіліс – баяндамалар, педагогикалық оқудың резалюциясын қабылдау;

байқаудың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау;

-          психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтардың шебер-

сыныптары;

-          онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;

-          секциялық мәжілістер;

-          инновациялық өнімдердің презентациясы;

-          педагогикалық оқуға қатысатын білім беру ұйымдарының педагогикалық

инновациялар көрмесі.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқуға қатысуға  арнайы шақырылады:

-       «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері;

-       «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филалдарының тренер-әдіскерлері;

-       Педагогикалық ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтары, болашақ педагогтары, магистранттары мен докторанттары;

-       Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқуларының жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті Педагогикалық оқулар материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Педагогикалық оқуларға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтардың IІ-ші Педагогикалық оқуларға қатысушының тіркеу формасын электронды нұсқасын өткізу қажет. Баяндамалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «ТарМПУ 2-ші Республикалық педагогикалық оқуларына ______ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады.

Мысалы, қатысушы А.M.Mамбетовa файл атын былай ұсынуына болады: Мамбетова.doc; Мамбетова.rtf немесе Mambetova.doc; Mambetova. rtf.

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.

IІ-ші Республикалық педагогикалық оқуларға қатысушыларға арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

ІI-ші Республикалық педагогикалық оқуларына қатысушыларға табыс етіледі:

- педагогикалық оқудың бағдарламасы;

- педагогикалық оқуға қатысқаны үшін сертификат;

- IІ-ші Республикалық педагогикалық оқуларының жинағы;

- байқау жеңімпаздарына арнайы диплом.

 

Ұйымдастыру жарнасы – 3 000 тг.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы керек және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы керек:

  1. Кестелердің, схемалар, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек және Windows-та терілген болуы қажет.
  2. Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -2 см, сол -2 см.
  3. Шрифт: Times new Roman, кегль -14.
  4. Жоларалық: 1 интервалмен.
  5. Жаңа жол: 0,9 см.
  6. Келесі жолда - ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН).
  7. Баяндама тақырыбы астына - парақ ортасына жәй әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар) - дың тегі, аты-жөні жазылады.
  8. Астына: жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен), (мақала авторы оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны, кәсіби орта оқу мекемесі, мектеп).
  9. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан - баяндама (мақала) материалдары.

10.  Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде қисық, тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін: /1,с. 256/.

Тіркеу формасы

Автор туралы мәлімет

1

Тегі, аты-жөні (толығымен)

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)

3

Жұмыс орны, мекен-жайы

4

Байланыс телефоны, е-mail

5

Мақала тақырыбы

6

Секция

7

Қажетті техникалық  құралдар

8

Байқауға ұсынылатын материалдар

9

Қатысатын байқаудың атауы

10

Қонақ үйдің қажеттілігі (ия/жоқ)

МАҚАЛАНЫ ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРІҢІЗДЕР:

080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы, 5 оқу ғимараты, 404 каб.

(«ТарМПУ ІІ  Педагогикалық оқуларға») деп көрсетілсін.

 

Байланыс телефондары:

Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы-87057201856

Мәмбетова Айбала  Мәмбетқызы- 87473598864,

Күмісбекова Жазира  Науатбекқызы- 87777454979

Жұмыс телефоны: 8(7262) 42 63 91; 8(7262) 52 67 99

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Ұйымдастыру жарнасы. Қаржы реквизиттері

Мекеме «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті»

БИН 040440007305

ИИК KZ 376010161000026196

ЖОФ АО «Халық банкі» Тараз қ.

БИК HSBKKZKX

КПН 861

КБЕ   16

(«ТарМПУ ІI Педагогикалық оқулар») деп көрсетілсін.

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе