Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

КАФЕДРА «ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ» ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА 24-25 ЯНВАРЯ 2019 ГОДА ПРОВОДИТ ІІ РЕСПУБЛИКАНСКИЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ЧТЕНИЯ НА ТЕМУ: «МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМЫ НЕПРЕРЫВНОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ В УСЛОВИЯХ ЦИФРОВОГО КАЗАХСТАНА: АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ»



Ұлы дала тарихы туралы ой толғау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқығаннан кейінгі туған ой.

Өткен мен бүгінді зерделеу парызым.

Тарихи санамен жаңғырды бар бағзым.

Елбасы даламның қыр-сырын танытқан,

Тағылымы шежіре – тарихқа мың тағзым.

 

Кеңістік – құт мекен қазақтың даласы.

Көлі мен өзені, көк зеңгір тау-тасы.

Байлығың тең келмес – алтыннан бағалы,

Кең байтақ елімнің керемет ауасы.

 

Ал уақыт адамның өмірлік өлшемі.

Мыңдаған жылдарды қамтиды сан шегі.

Уақыт пен кеңістік бар жерден басталған,

Бабалар тарихы, қазақтың түп-тегі.

 

Тарихтың астасып ақ пенен қарасы.

Қауіпті сынақтар тағдырдың таласы.

Ел үшін, жер үшін сұрапыл соғыстың,

Санада мәңгілік жазылмас жарасы.

 

Жебенің оғымен жарысқан сәйгүлік.

Домбыра сазына үн қосқан жаңғырып.

Ерлердің қанаты – соғыстың сынында,

Төрт түлік атанған арғымақ мәңгілік.

 

Қазақстан байлықтың сарқылмас кен басы.

Алтын мен күмістің, мыс-темір арнасы.

Оңтүстік, Солтүстік, Орталық, Шығысым,

Қорытпа алатын өндіріс ордасы.

 

Стилін аңменен көрсеткен өнерден.

Адам мен табиғат әлемдік феномен.

Тұрпаты тектілі «Қар барыс» бейнесі.

Қазақтай елімнің айбарлы белгісі!

 

Қазағым жасаған әлемге жаңалық.

Алтын адамды тапқаны бәрі анық.

Әлемдік ғалымдар асықты көруге,

Тылсымның құпиясын ашқанға таң қалып.

 

Фараби, Ясауи халқымның данасы.

Исламның ілімін таратқан дарасы.

Жетінші керемет атанған Түркістан,

Қазақтың киелі, рухани қаласы.

 

Өркениет елдердің белдеуі атанған.

Ұлы жол – «Жібек жол» керуен шаһардан.

Мәдени мұра мен сауданың дамуын,

Мемлекет достығын ғасырға жалғаған.

 

Жемістің мекені қазақтың даласы.

Ешкімнің жоқ оған әлемде таласы.

Тарихта атауы алмамен атанған,

Алманың Отаны – Алматы қаласы.

 

Алатау баурайы қызғалдақ мекені.

Қазақтың қызындай құлпырған қыр белі.

Отыз бес түрімен көз тартқан бүрлері,

Әлемнің жауһары, даламның кілемі.

 

Архивте сақталған ғасырлар сыры бар.

Деректі құжатта тарихтың сыны бар.

Бағзы мен бүгіннің өзегін жалғаған,

«Мәдени мұраның» алтындай құны бар.

 

Даламның дамытып өркениет өрісін.

Тарихта қалдырды ұлағат әр ісін.

Фараби, Ясауи, Күлтегін, Бейбарыс,

Ұрпаққа арнады даналық дәрісін.

 

Ер түркі жұртының мекені атанған.

Киелі шаңырақ кең байтақ Қазақстан.

Бүгінгі халықтың – тайпалар тамыры,

Ежелгі түркілер даламнан тараған.

 

Сақтар мен ғұндардың ежелгі өнерін.

Жәдігер ұрпақпен жалғаған Түркі елім.

Ескерткіш, бұйымның таңдаулы үлгісін,

Музейде сақтаған көзіндей көненің.

 

Әдебиет – халықтың қазына байлығы.

Әфсана, аңызы, қиссасы сан қилы.

Дәстүрді, ғұрыпты, салтымды жырлаған,

Дастан мен эпосым – ғасырдың тарихы.

 

Мың жылын ән-күйдің жеткізген ғасырға.

Қыл қобыз, сыбызғы, сазсырнай, домбыра.

Қаламсыз ой қозғап, қағазсыз сөз қозғап,

Даламның сарынын шертеді тарихта.

 

Киноның бүгінде рухани құны бар.

Қазақтың тарихын танытқан қоры бар.

Бейбарыс, Абылай, Ұлы Абай, Нұрсұлтан,

Ел үшін туылған тарихи тұлғалар.

 

Даламның тарихы – өткеннің куәсі.

Баһадүр бабамның шежіре мұрасы.

Өнеге ізімен, өміршең сөзімен,

Тарихтың тағылымын жолдады Елбасы.

 

Тарихтан тағылым жүрекке нұр құйдым.

Тарихи тұлғалар рухына бас идім.

Даламның тынысын, данамның ұлы ісін,

Жырыммен зерделеп ұлағат ой түйдім.

Жамбыл Елемесұлы КҮЗЕМБАЕВ,

ТарМПУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты,

ақын, композитор.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь