Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 26-30 НОЯБРЯ 2018 Г. ПРОВОДИТ НЕДЕЛЮ СТУДЕНЧЕСКОЙ НАУКИ «ЖАС ТАЛАП-2018»



Общая информация

Магистратура

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен жоғары оқу орны болып саналады. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында 9 магистратура, 2 PhD докторантура бойынша мамандықтар ашылды. Олар: 6М010300 – Педагогика және психология, 6М010900 – Математика, 6М011000 – Физика, 6М011200 – Химия, 6М011300 – Биология, 6М011900 – Шет тілі: екі шет тілі, 6М011400 – Тарих, 6М011800 – Орыс тілі және әдебиеті, 6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану және 2  PhD докторантура 6D011000 – Физика, 6D011800 – Орыс тілі және әдебиеті мамандықтары.

Магистратура бөлімі  Білім және Ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік стандартқа сай жұмыс атқарады.

Университеттің жан-жақты халықаралық байланыстары бойынша барлық магистранттары шетел университеттерімен жасалған келісімшарттарға сәйкес ғылыми стажировкадан өтуге мүмкіндіктері қарастырылған. Атап айтқанда, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Карабюк университеті (Түркия), Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Россия), Ош мемлекеттік университеті (Қырғызстан), Ресейдің Оңтүстік Орал  мемлекеттік  гуманитарлық педагогикалық университеттері.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің негізгі қызметтері:

  • Магистратура және докторантура бөліміне қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Магистратура және докторантура мамандықтарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының ҚР МЖМБС бекіткен стандарт пен типтік оқу бағдарламаларына сәйкестігін қадағалайды;
  • Магистратура және докторантура мамандықтары бойынша академиялық күнтізбе дайындайды;
  • Кафедралардағы магистратура және докторантура мамандықтарының диссертация тақырыптары мен ғылыми жетекшілерінің бекітілуін қадағалап, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесіне ұсынады;
  • Магистратура және докторантура мамандықтарына лицензия алуға құжаттар даярлауды жүзеге асырады;
  • Магистранттардың және докторанттардың ғылыми тағылымнамаларының орындалуын қадағалайды;
  • Университеттің стратегиялық даму жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады.
  • Болашақта Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінде жаңа мамандықтар ашып, магистранттар мен PhD докторанттар санын көбейтіп, маман даярлаудағы білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру;

Магистранттар мен PhD докторанттардың мамандықтарына сәйкес Республикалық, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуын ұйымдастыру.

ЖОО кейінгі білім беру орталығының құрамы

МАКУЛОВА ЛАУРА ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ЖОО кейінгі білім беру орталығының жетекшісіф.ғ.к.

Байланыс телефоны: 87019189752, 87084835951

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Алпысбаева Бибігүл Жамбылқызы

ЖОО кейінгі білім беру орталығының маманы

Байланыс телефоны: 87074715606, 87779452254

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Алпысбаева Жамила Өтегенқызы

ЖОО кейінгі білім беру орталығының маманы

Байланыс телефоны: 87016289904, 87766289404

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь