«Sanaly urpaq»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

Құрметті достар! Тараз мемлекетік педагогикалық университеті Сіздерді «ҰСТАЗ университетінің әлеуметтік миссиясы» әлеуметтік жобасының аясында астрономия және астрофизикадан олимпиада және турнирлерге дайындайтын тегін үйірме сабағына шақырады.



«Физика и IT» кафедрасы

Кафедра миссиясы: ағылшын тілін білетін, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіптік қызметті келесі бағыттарда жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті физика және информатика мұғалімін даярлау: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру; білім алушыларда физика және информатика саласында жүйеленген білімді қалыптастыру; қазіргі заманғы деңгейде физика және информатика сабақтарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; ғылыми зерттеулерді, жобаларды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру.

БАСШЫЛЫҚ:

Кафедра меңгерушсі: Жумалиева Ляззат Дауренбаевна

PhD, қауымдастырылған профессор м.а.

Телефон: 8 (701)787-53-83

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Лаборант: Есиркепова Шолпан Айтуовна

Телефон: 8 (707) -146-37-66

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА:

1967 жыл – «Физика» кафедрасы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі К.К. Абдукапаров болды.

1975 жыл – құрылымдық бөлімшенің қайта құрылуы негізінде «Физиканы оқыту әдістемесі» және «Теориялық физика» кафедралары болып өзгертілді.

1986 жыл – «Математика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Б. Муслимов болды.

1992 год – құрылымдық бөлімшені қайта ұйымдастыру негізінде кафедра атауы ««Информатика және есептеу техникасы» болып өзгертілді.

2019 жыл –қайта құрылымдау, 31.07.2019 ж. № 287/56 бұйрығы (немесе ғылыми кеңестің шешімі) негізінде «Физика және IT» кафедрасы құрылды.

Кафедра бакалавриат бойыша күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімдерінде «Физика мұғалімдерін даярлау», «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Физика және информатика мұғалімдерін даярлау»,  магистарура күндізгі бөлімде: «Физика педгогтерін даярлау» және  «Информатика педгогтерін даярлау», докторантура күндізгі бөлімде: «Физика педгогтерін даярлау» бағыттары бойынша оқу үдерісіне жетекшілік етеді.

КАФЕДРА  ШТАТЫ:

2019-2020 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 26 адамнан, оның ішінде 4 профессор, 1 қауымдастырылған профессор м.а., 8 доцент және 10 магистрден тұрады.

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ:

Кафедрада  2019-2020 оқу жылында келесі бағыттар бойынша:

Бакалавриат:

6В01502 – «Физика мұғалімдерін даярлау»;

6В01503– «Информатика мұғалімдерін даярлау»;

6В01510 – «Физика және информатика мұғалімдерін даярлау»;

Барлығы  287  студент;

Магистратура:

7М01502 – «Физика педгогтерін даярлау»

7М01503– «Информатика педгогтерін даярлау»

Барлығы 10 магистрант;

Докторантура:

8D01502–«Физика педгогтерін даярлау»  1 докторант білім алады.

КАФЕДРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ:

-жартылай өткізгіштер физикасы;

-қатты денелер физикасы.   

ЛАБОРАТОРИЯЛАР, СТУДЕНТТЕРДІҢ  ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕРІ:

Лабораториялық кабинеттер:

1. Механика;

2. Молекулалық  физика;

3. Электр және магнетизм;

4. Оптика;

5. Мектеп экспериментінің техникасы;

6. Мектеп типіндегі физика кабинет;

7. Физиканы оқыту әдістемесі;

8. Астрономия;

9. Радиоэлектроника;

10. Робототехника;

11. А.Орынбеков атындағы лекция залы.

Ынтымақтастық:

- М.Танк атындағы Белорус мемлекеттік педагогикалық университеті;

- Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;

-  Ж. Жабаев атындағы №5 мектеп-гимазия  (практика базасы);

- Облыстық біліктілікті арттыру институты.

ТӘРБИЕ (ОҚУДАН ТЫС) ЖҰМЫСТАРЫ:

Кафедрада «Микрон» және «Робототехника» шығармашылық үйірмелері жұмыс істейді.

Шығармашылық конкурстар мен фестивальдардың (жеңімпаздары, лауреаттары, жүлдегерлері):

2018 жылы информатика мамандығының студенттері Н.Агарков және Р.Сабирова Түркияның Қарабух университетінде ұйымдастырылған Робототехника бойынша халықаралық турнирге қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.

«ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ»

Бижигитов Темирхан

ф-м.ғ.к., профессор

Тамаев Сабит

ф-м.ғ.к., профессор

Жолдасова Күлжамиля Жолдасқызы

ф-м.ғ.к., профессор

Наурызбаев Алтынбек

ф-м.ғ.к., доцент

Таттибеков Қонысбек Сатыұлы

ф-м.ғ.к., доцент

нет фото

Тучин Александр Василевич

ф-м.ғ.к., доцент

Тоқтанаева Қагазкул Садырбековна

Аға оқытушы

Мусабеков Ескермес Самекеулы

ф-м.ғ.к., доцент

нет фото

Дүйсембиев Есіркеп Ергебекұлы

т.ғ.к., доцент

Кушкимбаева Бибара Жайлаубаевна

ф-м.ғ.к., доцент

Егембердиева София Шаймерденовна

ф-м.ғ.к., доцент

Тасуов Болат

ф-м.ғ.к., доцент м.а.

Айдарбекова Жумакул Муратовна

Аға оқытушы

Раимбаева Сауле Адилхановна

Аға оқытушы

Курдюков Виталий Владиморович

Аға оқытушы

Ниетбаева Надира Ашировна

Аға оқытушы

Жумалиева Ляззат Дауренбаевна

PhD, қауымдастырылған профессор м.а.

Оразымбетова Гулайым Хайруллаевна

Аға оқытушы

Сатыбалдиева Алия Бейбитжановна

Аға оқытушы

Сембиева Акбота Серіковна

Аға оқытушы

Абжаппарова Айгерим Кахармановна

Аға оқытушы

Айдаралиева Зарина Душембаевна

Оқытушы

Қарымсақова Балнұр Тлетайқызы

Оқытушы

Қорғанбаев Нұрсерік Айтбекұлы

Аға зертханашы

нет фото

Батыров Нияз

зертханашы

Мерсейтова Райкүл Абделеевна

зертханашы

Есиркепова Шолпан Аитуовна

зертханашы

Сапахов Нұрдаулет Абсаматұлы

зертханашы

 

«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ»

6В01502-«Физика»

Білім беру бағдарламасының түрі: бакалавриат

Оқыту түрі: күндізгі бөлім, қашықтықтан білім беру

Талапкердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: орта (толық) жалпы білім, жоғары кәсіптік білім

Оқу мерзімі: 4 жыл (күндізгі жалпы орта білім негізінде), 3 жыл (арнаулы орта білім негізінде), 2 жыл (жоғары білім негізінде екінші жоғары)

Оқуға түсу сынақтарының тізімі: 6В01502-«Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеуде оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы, Қазақстан Тарихы, физика, математика пәндерінен тест тапсыруы міндетті.

Түлектің біліктілік сипаттамасы: Білім бакалаврының кәсіби қызметі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған.  Білім берудің жаңартылған мазмұнына, жұмыс берушілердің талаптарына және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу, білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын арттыру, үштілді білім беру шеңберінде білім алушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту.

Физика бакалаврының кәсіби қызметінің оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру, өткізу, мониторинг және бақылау, орта білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары, білім беру бөлімдері мен басқармалары, білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары болып табылады.

«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ»

7М01502-«Физика»

Білім беру бағдарламасының түрі: магистратура.

Оқыту түрі: күндізгі бөлім.

Талапкердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік білім.

Оқу мерзімі: 1 жыл, 1,5 жыл, 2 жыл (жоғары білім негізінде).

Түлектің біліктілік сипаттамасы:  физика білім магистранты

Оқуға түсу сынақтарының тізімі: шет тілі (тыңдау, лексика-грамматика, оқу), оқуға дайындығын анықтау (сыни ойлау, аналитикалық ойлау), білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша (1 пән, 2 пән) кешенді тест.

Түлектің біліктілік сипаттамасы: Білім  беру  магистрінің  кәсіби  қызметі  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  процесін  жетілдіруге,  сондай-ақ  «өмір  бойы  оқыту» қағидаты бойынша өзінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыруға бағытталған. Білім  берудің  жаңартылған  мазмұнына,  жұмыс  берушілердің талаптарына  және  еңбек  нарығының  сұраныстарына  сәйкес  сапалы  білім беру қызметтерін ұсыну, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу  білім  алушылардың  ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын  арттыру,  үштілді  білім  беру  шеңберінде  білім алушылардың  тілдік  құзыреттілігін  дамыту.  Білім  магистрі  келесі функцияларға ие:

- білім беру (педагогикалық);

- оқу-тәрбиелік;

- оқу-технологиялық;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- Эксперименталды-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

-ақпараттық-коммуникациялық.

Физика магистрантының кәсіби қызметінің нысандары білім беру қызметін ұйымдастыру, жүргізу, мониторинг жасау және бақылаумен байланысты мемлекеттік басқару органдары:

- жоғарғы білім беру ұйымдары;

- орта білім беру ұйымдары;

- кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары;

- білім беру бөлімдері мен басқармалары;

- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары болып табылады.

«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ»

8D01502-«Физика»

Білім беру бағдарламасының түрі: докторантура.

Оқыту түрі: күндізгі бөлім.

Талапкердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар азаматтар қабылданады.

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқуға түсу сынақтарының тізімі: 1. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат;

2. Білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханы.

Түлектің біліктілік сипаттамасы: 8D01502- Физика педагогтарын даярлау мамандығы бойынша философия докторының кәсіби қызметі білім беру ұйымдарында білім беру үрдісін жетілдіруге, «өмір бойы оқыту» принципі бойынша өзінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыруға бағытталған. Білім берудің жаңартылған мазмұнына, жұмыс берушілердің талаптарына және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу, білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын арттыру.

8D01502- Физика педагогтарын даярлау мамандығы бойынша философия докторы келесі қызметтерді атқарады:

- білім беру (педагогикалық);

- ғылыми-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

-ақпараттық-коммуникациялық

Физика докторантының кәсіби қызметінің нысандары білім беру қызметін ұйымдастыру, жүргізу, мониторинг жасау және бақылаумен байланысты мемлекеттік басқару органдары:

-жоғарғы білім беру ұйымдары;

- орта білім беру ұйымдары;

- кәсіптік білім беру ұйымдары;

- білім беру бөлімдері мен басқармалары;

- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары болып табылады.

6В01503 –Информатики мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламасының түрі: бакалавриат.

Оқыту түрі: күндізгі, қашықтықтан білім беру

Талапкердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: жалпы және арнаулы ора білім, жоғарғы кәсіби білім.

Оқуға түсу сынақтарының тізімі: Қазақстан тарихы,  математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, математика, физика.

Оқу мерзімі: 4 жыл (жалпы  орта білім негізінде күндізгі бөлім), 3 жыл (арнаулы орта білім негізінде ), 2 жыл (жоғары білім негізінде).

Түлектің біліктілік сипаттамасы: Білім бакалаврының кәсіби қызметі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған.  Білім берудің жаңартылған мазмұнына, жұмыс берушілердің талаптарына және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу, білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын арттыру, үштілді білім беру шеңберінде білім алушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту.

Информатика бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру, өткізу, мониторинг және бақылау, орта білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары, білім беру бөлімдері мен басқармалары, білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары болып табылады.

7М01503 – Информатика педагогтерін дайындау

Білім беру бағдарламасының түрі: магистратура.

Оқыту түрі: күндізгі.

Талапкердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: жоғарғы білім (бакалавриат).

Оқуға түсу сынақтарының тізімі: шет тілі (тыңдау, лексика-грамматика, оқу), оқуға дайындығын анықтау (сыни ойлау, аналитикалық ойлау), білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша (1 пән, 2 пән) кешенді тест.

Оқу мерзімі: 2 жыл

Түлектің біліктілік сипаттамасы: Білім  беру  магистрінің кәсіби  қызметі  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  процесін  жетілдіруге,  сондай-ақ  «өмір  бойы  оқыту» қағидаты бойынша өзінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыруға бағытталған. Білім  берудің  жаңартылған  мазмұнына,  жұмыс берушілердің талаптарына  және  еңбек  нарығының  сұраныстарына  сәйкес  сапалы  білім беру қызметтерін ұсыну, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу  білім  алушылардың  ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын  арттыру,  үштілді білім  беру  шеңберінде  білім алушылардың  тілдік құзыреттілігін  дамыту. Білім  магистрі келесі функцияларға ие:

- білім беру (педагогикалық);

- оқу-тәрбиелік;

- оқу-технологиялық;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- Эксперименталды-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

-ақпараттық-коммуникациялық.

Информатика  магистрантының кәсіби қызметінің нысандары: оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, жүргізуге, мониторинг жүргізуге және бақылауға байланысты мемлекеттік басқару органдары:

- орта білім беру ұйымдары;

- кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары;

- жоғары білім беру ұйымдары;

- білім бөлімдері мен басқармалары;

- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе