РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ



"Физика және физиканы оқыту әдістемесі" кафедрасы

Кафедра  Жамбыл педагогикалық  институты  ашылған  1967  жылдан бастап жұмыс істейді.

2004 жылы  Тараз  мемлекеттік  институты  құрылғаннан  кейін,  кафедра  “Физика және физиканы оқыту әдістемесі” кафедрасы болып аталынды.

Кафедрада 5В011000 «Физика» бакалавры  мамандығы  даярланады.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамының 54,5 %-нің ғылыми дәрежелері бар. Олардың  арасында 2 профессор, 4  доцент,  2 аға оқытушы, 1 оқытушы, 2 ассистент   қызмет етеді.

Кафедрада 12 оқу лабораториялары жұмыс істейді, мектеп физика курсы бойынша көрнекі және демонстрациялық құралдармен жабдықталған «Мектеп типіндегі физика кабинеті»  бар.

Кафедрада   қала, аудан мектептерінің және жоғары  оқу  орындарының  мұғалімдерінің  қатысуымен “Конденсацияланған ортаның физикасы және  физиканы  оқытудың  инновациялық технологиясы” атты  ғылыми-әдістемелік  семинар және «Рентген структуралық анализ» ғылыми-зерттеу лабораториясы  жұмыс істейді. Қазіргі   таңда  кафедра  Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетімен бірге ғылыми-әдістемелік  жұмыстар жүргізеді.

Кафедрада оқу  процесінде 4 (1-лаборатория меңгерушісі,1- оқу шебері, 3- лаборант) қызметкер жұмыс жасайды. Физика  мамандығында күндізгі оқу бөлімінде 113 студент, сырттай оқу бөлімінде – 8 студент оқиды.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы

Жетістіктер:

2014-2015 оқу жылында кафедра доценті Т.Бижигитов «2014 жылдағы жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Кафедра профессоры С.Тамаевтың жетекшілігімен 2009-2010 оқу жылында «Физика» мамандығының білімгерлері Галеева А, Аскаров А, Сман М, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен білімгерлердің пәндік республикалық олимпиадасында «Физика» пәні бойынша  1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, 2012-2013 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында 25-26 сәуірде өткен білімгерлердің  пәндік олимпиадасына 5В011000 - «Физика» мамандығы бойынша  Чижевская Дарья  Ф-29-1, Бектас  Асылзат Ф-10-1, Медьведева Надежда   Ф-10-2   осы  команда мүшелері қатысып, 3 орынды иеленді.

Кафедра оқытушылары ғылыми, оқу-әдістемелік құралдар және ЖОО білімгерлеріне арналған оқулықтар шығаруға белсене араласады.

Профессор Бижигитов Т.: Монографиялар: «Жоғары қысым және төменгі температура физикасы». Алматы: ТОО «Экономика» баспасы, 2013ж. 124 бет.; «Судың және мұз түрлерінің физикалық қасиеттері». Алматы: ТОО  «Экономика» баспасы, 2013ж., 124 бет; Оқулықтар: “Статистикалық физика. Физикалық кинетика негіздері». ЖОО қауымдастығы, Алматы: ТОО РПБК  «Дәуір» баспасы,   2011. 308 бет.; «Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы», Алматы: ЖОО қауымдастығы, ТОО РПБК  «Дәуір»,  2012, 448 бет.; «Математикалық физика әдістері». Алматы: ЖОО қауымдастығы, ТОО РПБК  «Дәуір», 2012 296 бет.; «Жалпы физика курсы». Алматы: ЖОО қауымдастығы, ТОО РПБК  «Дәуір», 2013, 884 бет; Оқу құралдары: «Молекулалық физика» Алматы: ЖОО қауымдастығы, ТОО РПБК  «Дәуір», 2015. «Теориялық физика әдістері». Алматы. ЖОО қауымдастығы, ТОО РПБК  «Дәуір», 2015.; Metods of Matematical Physics. Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің сараптамасынан өтті.

Доцент Наурызбаев А., оқулық: «Атом және атом ядросы физикасы» Алматы. ЖОО қауымдастығы, ТОО РПБК  «Дәуір», 2013.

Профессор С.Тамаев, оқулық: «Кванттық механиканың есептер жинағы» Алматы. ЖОО қауымдастығы, ТОО РПБК  «Дәуір», 2015.

Т. Бижигитов Жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары оқу орындарына оқулықтар жазудағы көп жылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы қола және күміс медалдарымен, ҚР «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы - 2014» иегері.

2007жылы профессор С.Тамаев, 2013 жылы профессор Т.Бижигитов ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен  марапатталды.

Мұсабеков Ескермес Сәмекеұлы, ф.-м.ғ.к. 2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап

«Физика және ФОӘ» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support