Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПРИГЛАШАЕТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «СОВРЕМЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: МЕТОДОЛОГИЯ, ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА», СРОКИ ПРОВЕДЕНИЯ: 26-27 ОКТЯБРЯ 2018 Г. // ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПРИГЛАШАЕТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «КАЗАХСТАНСКАЯ ШКОЛА В УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ», СРОКИ ПРОВЕДЕНИЯ: 2 НОЯБРЯ 2018 Г. // ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 26-30 НОЯБРЯ 2018 Г. ПРОВОДИТ НЕДЕЛЮ СТУДЕНЧЕСКОЙ НАУКИ «ЖАС ТАЛАП -2018»



Шоқтығы биік Шераға

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері, халықтың мұңын мұңдап, сөзін сөйлеген Шерхан  Мұртазаны Филология факультетінің "Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі" кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен студенттері еске алу жиынын өткізді.

Әйгілі бес кітаптан тұратын "Қызыл жебе",  "Ай мен Айша " еңбектерін жазған саңлақ сөз шеберін  кафедра меңгерушісі Тұрсынай Рыстайқызы, ф.ғ.к., доцент Абдуалиева Жазира, ф.ғ.к. доцент Р.Садықбеков сынды ұстаздарымыз еске алып, сөз сөйледі.

Шерxан Мұртаза Жамбыл өңірінен шыққан  Бауыржан  Момышұлынан кейінгі екінші ірі тұлға. Шерағаның қазақ  әдебиетіне, қазақ журналистикасына қосқан үлесі зор еді. Артынан өлмейтін, өшпейтін шығармаларын қалдырып, тас шайнап, от түкірген Шерxан ағамыздың дүниеден өтуі барша қазақ xалқынының қабырғасын қайыстырып қана қоймай, қазақ әдебиетін үлкен қайғыға ұшыратты. Шерағаңның қай шығармасын оқысақ та, Жуалының көк майсасы мен көкпен таласқан тауларына енгендей әсер аласың. Шерxан Мұртазаның "Шерxан" деген есімінің түбіне үңілер болсақ "Шерxан", "шері" яғни "барыс" деген мағынаға саяды.

Шерxан ағамыз депутат болған кезінде тіл мен әдебиеттегі өзекті мәселелерді көтеріп,оны шешудің жолдарын кесіп айтатын,өткір тілді, өжет те батыр тұлға еді. Қала берді қылышынан қан тамған Сталинге қаймықпай, қасқайып шындықты айтқаны тарихтан белгілі. Садықбеков Рахым ағаймыздың естелігі бойынша әйгілі Әуезов пен Шоқтығы биік Шерағаның бір күнде дүниеге келуі кездейсоқ жағдай емес.Қазақтың маңдайына біткен Ұлы тұлғалардың есімдері әрбір қазақтың жүрегінің төрінен орын алды десек, артық айтқандығымыз емес. Маңдайында жұлдызы жарқыраған ұлы тұлғаларлың осы күні дүние есігін ашуы (28 қыркүйек), мына біздерге ой салды.Бұл сәйкестік пе екен, әлде....

Ерсұлтан НҮСІПЖАНОВ

Филология факультетінің студенті

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь