Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

КАФЕДРА «ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ» ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА 24-25 ЯНВАРЯ 2019 ГОДА ПРОВОДИТ ІІ РЕСПУБЛИКАНСКИЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ЧТЕНИЯ НА ТЕМУ: «МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМЫ НЕПРЕРЫВНОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ В УСЛОВИЯХ ЦИФРОВОГО КАЗАХСТАНА: АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ»



Жаңа жолдау, жаңа жоспар

Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады. Биылғы қазан айындағы жолдауының да өзіндік ерекшелігі мен Қазақстан халқының игілігі үшін маңызы зор.  Президентіміз  жолдауында мүмкіндігінше барлық тақырыптарды қозғап өтті. Мысалы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының одан әрі шешімін табуы,  отандық бизнесті одан әрі дамытуды, 2019 жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысын 35 пайызға арттыруды, үш ауысымды мектеп мәселесін түбегейлі шешуді, ұлт саулығын, тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелерді қамтыды. Елбасы тәуелсіздік жылдары жеткен толағай табыстарға тоқтала отырып, еліміздің стратегиялық мақсатын – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру екендігін ерекше атап кетті. Осындай маңызды тақырыптарды талқылаған жолдау елдің дамуына тың серпін береді. Әсіресе, келесі жылға «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуді қолға алып, ЖОО ұстаздарының жалақысын көтеру мәселесі барлық профессор оқытушылар құрамы «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», - деді Президент.

Тереңдеп ойласақ, бұл Жолдау – бұрынғы үлкен стратегиялардың дамуы, соның жалғауы. «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы бірнеше жыл бұрын Мәңгілік ел болу арманымыз бен мақсатымызды айқындады. Әрбір Жолдауда соған нақты міндеттер айтылады. Егер біз жаңа білімді маман дайындай алсақ, білімді маманымыз қабілетті болатын болса, ертеңгі күні жаңа заманның жаңа технологиялық талаптарына сай боламыз.

Мектеп мұғалімдері де еңбекақыны көтеру туралы шешімді жылы қабылдады. Бұл шара олардың еңбегінің беделін көтереді және кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. 1 қаңтардан бастап мазмұны жаңарған оқу материалдарына көшетін мұғалімдердің лауазымдық еңбекақысы 30 пайызға ұлғайды және қарқынды дамып келе жатқан экономиканың арқасында мемлекетте оған жететін қаржы барының көңіліне жайлылық орнатты. Жолдауда «Ынтымақты елдің ырысы мол» деген халық мақалын мысалға келтірген Елбасы бірлігі жарасқан қазақ халқы үшін бағынбайтын белес болмайтынын атап өтті.

ЖАННА ТАДЖИБАЕВА

«Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» кафедрасының аға оқытушысы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь