Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

КАФЕДРА «ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ» ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА 24-25 ЯНВАРЯ 2019 ГОДА ПРОВОДИТ ІІ РЕСПУБЛИКАНСКИЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ЧТЕНИЯ НА ТЕМУ: «МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМЫ НЕПРЕРЫВНОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ В УСЛОВИЯХ ЦИФРОВОГО КАЗАХСТАНА: АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ»



«Жолдауға қолдау жастардан!»

2018 жылдың 5 қазанында  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдағаны белгілі. Ол жолдаудан біз нені біліп, нені ұқтық? 6 бағыттан тұратын бұл жолдау ерекше форматта өтті. Елбасы өз жолдауында 27 жылда жеткен жетістіктер мен толағай табыстарды саралай отырып, болашаққа деген зор үміт пен бағыт-бағдардың кең жолын айқындап берді. Әр түрлі сын-қатерлерді қағидамыз бен қасиетімізді бойға жинай отырып жалғастыра білсек жөн-жобамызды жақсылыққа жалғайтынымыз анық.

Қазіргі Қазақстан, әлемдік саяси сахнаға көрермен көзімен қарайтын үйренуші елден өсіп, енді үйретуші ел деңгейіне жетті. Бұл – бұлжымайтын байлам. Сол сияқты осы жиырма жеті жылда жастардың да санасы өсті, ойы серпілді, қоғамға деген көзқарасы өзгерді.

Мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саясатының нәтижесі екені белгілі. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы белгілі. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, студент жастарға деген арнайы білім гранттарын ұсына отырып, оқу бітірген соң тұрақты жұмысқа орналастыру және басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінгі ел жастары толыққанды білім алып, заман талабына сай өсіп, өркендеп келеді.

Жаңа бастамалар мен игілікті істердің куәсі бола алатындай ел тірегі жастардың жағдайы мен келешегі, қандай қоғамда өмір сүріп, білім алатынын Елбасымыз әр жолдаған Жолдауында ұмыт қалдырған емес. Сарабдал саясаттың арқасында бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында жасампаз істеріміз бен мәңгілік елдің тұтқасын берік қалайтынымыз сөзсіз. Ол үшін Елбасымыз айтқандай «Атқарылған істер аз емес, десек те бірге жалғастырайық!»

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінің

жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі

Кадралиев Айбек Амансейітұлы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь