РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 26-27 ҚАЗАН, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 2-ҚАРАША, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



«БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Сіздерді

«БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ»

атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуға шақырады

Қазақстан Республикасының Білім беру мазмұнын жаңарту өз алдына мынадай маңызды мақсат қояды: мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасы мәнмәтініндегі кәсіби шеберлігін жетілдіру. Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті орта мектеп мұғалімдеріне ғылыми және әдістемелік көмек көрсетуді өзіне міндеттейді.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы жұмысына қатысуға жалпы, кәсіби, қосымша білім беру саласының мамандары, магистранттар, аспиранттар, докторанттармен қатар талқыланатын мәселеге қызығушылық білдірген тұлғалар шақырылады.

Өтетін күндері: 2-қараша, 2018 ж.

Өтетін уақыты: 9.00 – 17.00

Өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Тараз қ., Төле би көш., 68-үй. Тараз мемлекттік педагогикалық университеті, № 2 ғимарат.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияны өткізудің мақсаты - ғылым мен білімнің басым бағыттары бойынша мәселелерді талдау және саралау, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік ғалымдар мен әдіскерлер арасында ғылыми байланыс орнату.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысының бағыттары:

  1. Секция 1. Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогикалық кадрларды дайындау: мәселелері мен оның шешімдері;
  2. Секция 2. Үштілділік білім беру мәселелері;
  3. Секция 3. Латын графикасына көшу мәселелері.

 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу формалары:

қатысу:

- баяндама оқу;

- баяндаманың өзге қалалардағы қатысушыларға арналған бейнетаспасы;

- тыңдаушы ретінде қатысу.

сырттай қатысу:

- ғылыми-практикалық конференцияны жинағына мақала жіберу;

- әдістемелік материалдар жинағына пән әзірлемесін (ашық сабақ, мәннің жоспар-конспектісі, әдістемелік ұсыныстар) ұсыну (ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ПӘНДЕР ҒАНА!!!)

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысудың талаптары:

2018 жылдың 15-қазанына (қоса есептегенде) дейін ұйымдастыру комитетінің электронды адресіне келесі құжаттарды жіберу міндетті:

1)   Қатысушы өтініші (№1 форма бойынша).

2)   Мақала мәтінінің электронды нұсқасы. «Антиплагиат» тексерісінен кейін Сіздің электронды поштаңызға келесі хат келеді:

  • мақаланың қабылданғаны туралы немесе,
  • мақалаға техникалық немесе мағыналық жағынан өзгерістер енгізу туралы хабарлама.

3)   Мақала ақысын төлеу тек мақала қабылданғаны туралы хат қабылданғаннан кейін жасалады,

4)   Квитанция (ұйымдастыру комитетінің эл.поштасына квитанцияның сканерленген электронды нұсқасын жіберіңіз)

5)   Файлдар тақырыбын келесі тәртіппен сақтау қажет: Тегі, аты-жөні, файл мазмұны.

Мысалы: Исаева А.И._ өтініш; Исаева А.И._ мақала; Исаева А.И._ квитанция; Исаева А.И._ келісім.

Барлық құжаттарды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының congresstargpi@mail.ru электронды адресіне жіберу керек.

Баяндаманы оқуға қойылатын талаптар:

1. Конференцияның тақырыптарына сәйкестігі.

2. Мультимедиялық презентацияны ұсыну (егер болса).

Сөйлеу уақыты 15 минутқа дейін

Ұйымдастыру комитеті мақала авторларына мақалалардың қабылдануы туралы ескерту хат таратады. Егер Сіз хат алмаған болсаңыз, өтінеміз, хатты қайта жіберіңіз.

мақаланың төлем ақысын тек қабылданған соң ғана жасаңыз!

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШЫҒЫНЫ

Конференцияға қатысудың ұйымдастыру жарнасы – 2500 теңге

Ұйымдастыру жарнасына: мақалалар жарияланымы + қатысушы сертификаты.

Конференцияға қатысу төлемақысын жүргізу реквизиты

РГП на ПХВ «Таразский государственный педагогический университет»

БИН 040440007305

ИИК KZ  376010161000026196

ЖОФ АО Народный Банк  г. Тараз

БИК HSBKKZKX

КПН 861

КБЕ 16

(конференцияға қатысу үшін деп көрсетілсін)

 

Құрметті әріптестер, мақалаларды 2018 жылдың 15-қазанына дейін жіберулеріңізді сұранамыз!

 

Өтініш

Форма №1

Т.А.Ә.

 

Жұмыс орны

 

Мекеменің мекен-жайы

 

Ғылыми атағы, дәрежесі

 

Қызметі

 

Мекен-жайы

 

E-mail

 

Телефон

 

Қатысу түрі (тыңдаушы, баяндама, мақала жариялау)

 

Баяндама тақырыбы (тек баяндамашыларға)

 

Презентация  (мультимедиялық сүйемелдеу)

 

Мақала тақырыбы (форма № 2)

 

Баспа материалдарын жіберу мекен-жайы (индекс көрсетілген)

 

 

Ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша талқыланатын мәселелер бойынша материалдарды шығару жоспарлануда. Конференция жинағының электронды нұсқасы ТарМПУ сайтында жарияланады.

 

Қосымша 2

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

 

  • Мақала 4-тен 8 бетке дейін, шрифт Times New Roman, 14, интервал – 1,5, барлық жиектері -  2 см., абзац  - 1,25 см., мәтін ені бойынша тураланады. Бет пішіні А4.
    Мақалада кестелер, графиктер, сызбалар, сілтемелер немесе субтитрлер болмауы керек. Ауыстыру режимі өшірілген.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (алфавит бойынша рәсімделіп және жалпы саны 5тен аспауы керек).

Файлдың аты автордың тегі мен мазмұн атын қамтуы тиіс (мысалы, Исаев_мақала.docx). Мақаладағы сілтемелер тік жақшамен белгіленсін.

Назар аударыңыз! Баспаға тек түзетілген мәтіндер ғана қабылданады. Мәтіннің түпнұсқалық деңгейі 70 % кем болмауы керек. Автор мақала мәтінінің мазмұны мен түпнұсқалығына, әдеби сілтемелердің дұрыстығына жауап береді.

Коллекцияның редакциялық алқасы жинақ тақырыбы мен талаптарға сәйкес келмейтін мақаладан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

 

Материалды орналастыру тәртібі

- Мақала тақырыбы бас әріптермен, қарамен белгілеп, парақтың ортасына орналастыру керек.

- Автордың Т.А.Ә., қызметі, мекеме, қала, сол жақта кіші әріптермен жазылады.

-  Мақала мәтіні кіші әріппен жазылады, абзац шегінісі 1,25 см.

- «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» деген жазу. Бұдан кейін әдебиеттер алфавиттік тәртіпте, санмен нөмірленіп, аударылады.

Мәтінде әдебиеттер тізімінен сәйкес келетін көзге сілтеме тік жақшаларда пішімделеді: [1, p. 77].

 

Форма № 2

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ

Исаев И.И., педагог

Средняя общеобразовательная школа № 1

г. Тараз

Мақала мәтіні

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Коркина, А. Ю. Психолого-педагогический подход к проектированию компьютерных развивающих  программ  для  старших дошкольников [Текст] :дис. .. канд. психол. наук : 19.00.07 / А.Ю. Коркина. М., 2010. – 199 с.
  2. Об образовании в Российской Федерации [Электронный ресурс]: федер.  закон  от  29  ноября  2012  г.  No  273-ФЗ  /  Рос.  Федерация  //  RG.RU  : интернет-портал   «Российской    газеты». – Режим    доступа: http://www.rg.ru/2012/12/30/obrazovanie -dok.html.
  3. ...

 

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыздар:

дб.- жм. с 8.00 до 17.00

сб. с 8.00 до 14.00

жс.- демалыс

congresstargpi@mail.ruтәулік бойы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе