КОНКУРС НА НАЧАЛЬНИКОВ!

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

В ТАРАЗСКОМ ГОСУДАРСТВЕННОМ ПЕДАГОГИЧЕСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ ПОДГОТОВКА МАГИСТРОВ ВЕДЕТСЯ ПО СЛЕДУЮЩИМ СПЕЦИАЛЬНОСТЯМ: 6М010900 – МАТЕМАТИКА, 6М011000 – ФИЗИКА, 6М011300 – БИОЛОГИЯ, 6М011400 – ИСТОРИЯ, 6М011800–РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА, 6М010300 – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ, 6М011200 – ХИМИЯ, 6М011900 - ИНОСТРАННЫЙ ЯЗЫК: ДВА ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКА, 6М012300 – СОЦИАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА И САМОПОЗНАНИЕ



КОНКУРС НА НАЧАЛЬНИКОВ!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі  бос лауазымдарға  орналасуға байқау жариялайды:

  1. Ішкі аудит қызметінің жетекшісі -1 бірлік;
  2. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы – 1 бірлік;
  3. Үштілді білім беруді дамыту орталығының басшысы -1 бірлік;

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды өткізу қажет:

1)   Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының атына жазылған өтініш;

2)   кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (суретпен);

3)   өмірбаян;

4)   жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі  туралы дипломдардың нотариалды расталған көшірмелері;

5)   қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда);

6)   соңғы қызмет еткен жұмыс орнынан берілген мінездеме;

7)   еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі;

8)   №086 нысандағы денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) анықтама, кітапша;

9)   "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

10)  "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы

11)  Қазақстан Респкубликасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

 

Тиісті қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары:

 

Ішкі аудит қызметінің жетекшісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (қаржы-экономикалық), жоғары біліктілік санаты, тиісті мамандығы бойынша және есепші қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Кәсіпкерлік бөлімі басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Үштілді білім беруді дамыту орталығы  басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (филологиялық, педагогикалық), мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін сөйлей білу, ағылшын тілін білуі (intermediate деңгейінен төмен емес болуы керек) қажет,  мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

 

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Тараз қ., Төле би к-сі, 62-үй, ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар басқармасы, тел.: 43-29-52. Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей берілуі тиіс.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support