БАЙҚАУ! КОНКУРС! БОС ЛАУАЗЫМДАР!

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

В ТАРАЗСКОМ ГОСУДАРСТВЕННОМ ПЕДАГОГИЧЕСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ ПОДГОТОВКА МАГИСТРОВ ВЕДЕТСЯ ПО СЛЕДУЮЩИМ СПЕЦИАЛЬНОСТЯМ: 6М010900 – МАТЕМАТИКА, 6М011000 – ФИЗИКА, 6М011300 – БИОЛОГИЯ, 6М011400 – ИСТОРИЯ, 6М011800–РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА, 6М010300 – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ, 6М011200 – ХИМИЯ, 6М011900 - ИНОСТРАННЫЙ ЯЗЫК: ДВА ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКА, 6М012300 – СОЦИАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА И САМОПОЗНАНИЕ



БАЙҚАУ! КОНКУРС! БОС ЛАУАЗЫМДАР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына  орналасуға байқау жариялайды:

І. Педагогика факультеті бойынша:

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы: профессор -1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 4;

«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы - 2

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасы: кафедра меңгерушісі; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1;

«Психология және акмеология» кафедрасы: профессор - 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы - 2; оқытушы - 1; ассистент - 1

ІІ. Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті бойынша:

«Арнайы педагогика» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы -3; оқытушы -1

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы -1

«Қазақстан тарихы» кафедрасы: кафедра меңгерушісі; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1

«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасы: кафедра меңгерушісі; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1

ІІІ. Филология факультеті бойынша:

«Орыс филологиясы» кафедрасы: профессор - 2

«Шетел тілдері» кафедрасы: кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (доцент) – 6; оқытушы -2

«Практикалық шетел тілдері»: кафедра меңгерушісі; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1

IV. Өнер және мәдениет факультеті бойынша:

«Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы - 2; оқытушы - 1; ассистент - 1

«Дене шынықтыру» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 4

«Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы - 2

«Музыкалық білім» кафедрасы: профессор - 1

«Алғашқы әскери дайындық» кафедрасы: профессор - 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1;

V. Химия-биология факультеті бойынша:

«Биология және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы: кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (доцент) – 2

«Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасы: кафедра меңгерушісі

«География және экология» кафедрасы: кафедра меңгерушісі

VI. Физика-математика факультеті бойынша:

«Информатика және есептеу техникасы» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; ассистент -1

«Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы: кафедра меңгерушісі

«Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы: профессор - 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды өткізу қажет:

1)     Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының атына жазылған өтініш;

2)     кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (суретпен);

3)     өмірбаян;

4)     жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5)     қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

6)     ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7)     профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

8)     соңғы қызмет еткен жұмыс орнынан берілген мінездеме;

9)     еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі;

10)  №086 нысандағы денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) анықтама, кітапша;

11)  "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

12)  "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы

13)  Қазақстан Респкубликасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

 

Тиісті қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары:

Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және педагогикалық немесе басшылық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Кафедра профессорының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5жыл болуы тиіс.

Кафедраның қауымдастырылған профессоры (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Кафедраның аға оқытушысы біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызметінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде оқытушы қызметінде кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Кафедраның оқытушысы (ассистент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білім, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және/немесе магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.

 

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Тараз қ., Төле би к-сі, 62-үй, ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар басқармасы, тел.: 43-29-52. Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілуі тиіс.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support