Кореядан келген еріктілер жазғы мектептің қорытындысы

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

В ТАРАЗСКОМ ГОСУДАРСТВЕННОМ ПЕДАГОГИЧЕСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ ПОДГОТОВКА МАГИСТРОВ ВЕДЕТСЯ ПО СЛЕДУЮЩИМ СПЕЦИАЛЬНОСТЯМ: 6М010900 – МАТЕМАТИКА, 6М011000 – ФИЗИКА, 6М011300 – БИОЛОГИЯ, 6М011400 – ИСТОРИЯ, 6М011800–РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА, 6М010300 – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ, 6М011200 – ХИМИЯ, 6М011900 - ИНОСТРАННЫЙ ЯЗЫК: ДВА ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКА, 6М012300 – СОЦИАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА И САМОПОЗНАНИЕ



Кореядан келген еріктілер жазғы мектептің қорытындысы

29 маусым мен 17 шілде арасында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті мен «PAS (The Pacific Asian Society)» ұйымы кәріс ұлтының салт-дәстүрі мен тіліне қызығушылық танытатын жандар үшін арнайы 3 апталық жазғы мектеп ашқан болатын. «PAS» ұйымы 20 жылдан аса уақыт жылда Кореяның таңдаулы университеттерінде оқитын студенттерді Шығыс, Орта Азия мен Африкада орналасқан мемлекеттерге жібереді. Еріктілердің басты міндеті жергілікті ортада кәріс ұлтының болмысын дұрыс таныта білу. Ол үшін олар жазғы мектептің бағдарламасына кәріс тілін оқытатын дәрістерді, тхэквондо шеберлігін, қолөнер түрлерін үйретіп,  ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын көрсетеді. Бұдан бөлек балалар би өнері мен заманауи K-pop бағытының ерекшеліктерінен де хабардар болған. Қосымша дәріс ретінде алғашқы көмек көрсету сабақтары мен сақтық шараларын қалай дұрыс сақтау керектігін үйреткен.

Екі мемлекет тарапынан жүзеге асырылған бұл жоба  ұлт арасындағы достық қарым қатынастың нығаюына септігін тигізіп, жастардың жаһандық мәселелерге ерте ат салысуына мүмкіндік тудырады.

Жазғы мектептің қорытындысы ретінде ТарМПУдың концерттік залында 17 шілдеде «PAS» ұйымының мүшелері мен шәкірттері ақтық, қоштасу кешін ұйымдастырды. Концерт Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Ұйымдастырушылар шараның көңіл серпілтер бөлімінің алдында ТарМПУ ректоры Жолдасова Орынқыз Көпбосынқызын арнайы ортаға шақырып, көпшілік алдында өздерінің алғысын білдірді. Сондай-ақ ерекше лебізге ие болғандар санатынан Білім берудегі инновация және халықаралық байланыстар орталығының басшысы Дүйсенова Назым Тұрсынбайқызы бой көрсетті. Келген қонақтардың арасынан Топ жетекшісі Чон ДонГун мырза сөз сөйлеп, артынша гормон аспабында қатарынан үш композиция орындап берді. Шара бағдарламасына бұдан бөлек  бетперделер биі, Тхэквондо биі, Қара жорға биі, Калинка биі мен  K-pop бағытында орындалған заманауи билер ел назарына паш етілді.

Кореядан келген 25 ерікті  жалпы саны 122 шәкіртке дәріс берді. Олардың басым көпшілігі балалар болса, 30-ы ТарМПУ студенттері. Осы қысқа мерзім арасында кәріс тілін шамалап үйренген балалар білімдерін жергілікті орталықтарда шыңдайтын болса, болашақта Кореяға барып оқуға мүмкіндік алатыны да сөз етілді.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support