Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПРИГЛАШАЕТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «СОВРЕМЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: МЕТОДОЛОГИЯ, ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА», СРОКИ ПРОВЕДЕНИЯ: 26-27 ОКТЯБРЯ 2018 Г. // ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПРИГЛАШАЕТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «КАЗАХСТАНСКАЯ ШКОЛА В УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ», СРОКИ ПРОВЕДЕНИЯ: 2 НОЯБРЯ 2018 Г. // ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 26-30 НОЯБРЯ 2018 Г. ПРОВОДИТ НЕДЕЛЮ СТУДЕНЧЕСКОЙ НАУКИ «ЖАС ТАЛАП -2018»



«Астана – әлемге танылған мәртебелі бас қала» атты конференциясы өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің конференция залында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – әлемге танылған мәртебелі бас қала» атты конференция өтті.

Конференция жұмысына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, орта арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп директорлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Барлығымызға белгілі Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», деп атап көрсетті.

Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты.

Жиырма жыл ішінде Астана Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды.

Елімізде Елорданың 20 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілуде. Бас қаланың мерейлі мерекесіне орай елімізде түрлі маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Конференцияны Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы ашып, жүргізіп отырды.

Конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Қалшыбек Ақжол Батырұлы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық-имидждік бөлімінің басшысы, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Қаржаубай Бекболатов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Қайратұлы Берікқожа, «Жас Отан» Жастар қанатының жамбыл облыстық филиалының төрағасы Уалихан Болатбектер сөз сөйледі.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support