Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Жасотандықтарға артылар үміт көп

Жуырда ғана елорда төрінде «Жас Отан» жастар қанатының ІV съезі өткені белгілі.

Прагматикалық көзқарас жастардың санасын серпілтіп, рухани күш бергені осы басқосуда айқын аңғарылған еді. Алдымен назар аудартқаны – жиын форматының өзгергені. Гала-форумнан басталған съезд 5 бағыттағы сессия жұмыстарында жалғасып, онда жастар саясатына қатысты мәселелер кеңінен талқыланған болатын. Өңірімізге келген жұмыс сапарында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жамбылдық жастармен кездесіп, жоғарыдағы алқалы жиын қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді сөз етті. Содан соң қолға алынған бастамалар туралы әңгімеледі.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Баласағұн» музейінде өткен шара да еркін форматта өткенін айтуымыз керек. Барьерсіз диалог алаңы жасотандықтарға көкейдегі сауалдарын қойып, өтініш-ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік берді. Жиынды ашып, жүргізіп отырған университет ректоры Дария Қожамжарова «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша әлем елдерінде бірнеше тілде жарық көрген 18 оқулықтың мемлекеттік тілге аударылуы – өскелең ұрпаққа сапалы білім беру бағытында жасалған үлкен қадам болғанын, бүгінгі кездесудің өзі кейінгі толқынға көрсетіліп отырған қолдаулардың бір көрінісі екенін айтып өтті.

Иә, мемлекет тарапынан өскелең ұрпаққа көп қолдау көрсетілуде. Ал олардан күтілетіні – жастық жігермен ауқымды бастамаларды бірлесе атқару. Мәулен Сағатханұлы Елбасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда партияның Жастар қанатына үлкен сенім артып отырғанын жеткізіп, кейінгі толқынды осы қамқорлықты тек тұтынушы ретінде қабылдамай, елдік істер – Президенттің бес бастамасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыруда қуатты күшке айналу үшін бірлесе еңбек етуге шақырды. Ол үшін асқақ арманға қол созу қажеттігін, жасотандықтарға биік мақсат-мұраттарға ұмтылып, тынымсыз іздену керектігін ескертті. Жиында облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов жас толқынға өлкенің мол тарихын елге танытып, білікті маман атанып, облыстың экономикасын дамытуға ұмтылдырды. Сондай-ақ кездесуде «Жас Отан» жастар қанатының ІV съезінің делегаты, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа пікір білдіріп, бірнеше ұсынысын жеткізді.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support