Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



«Жас географтар» интелектуалды білімгерлер сайысы өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің "География және экология" кафедрасының оқытушылары Н.А.Таджикулова мен Е.Ү.Жорабековтың ұйымдастыруымен, География мамандығының студенттерінің қабілетін, шапшаңдылығын, белсенділігін, жан-жақты дамыту және қызығушылығын арттыруға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жас географтар»  сайысы өтті.

ХХІ ғасыр - қарыштап дамыған білім ғасыры. Біздің қоғамымыздың уықтары жаңа шаңырақ көтерген отау үй тәрізді. Осы уықтарды қадаған қолдар жігерлі, намысты, білімді, бірегей жандар болуға тиіс.

Интеллектуалдық сайыстың мақсаты - ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, студенттердің ғылымға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, білімдерін жетілдіру, зеректік қабілетін дамытып, өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру және өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыру.

Сайысқа 5 топ қатысып, сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайысқа «география және экология» кафедрасының оқытушылары Н.А.Таджикулова мен Е.Ү.Жорабековтың жетекшілігімен География мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. «Сингапур», «Глобус», «Жалын», «Галапагос», «Айсберг» топтарынан құралған. «Жас географтар» сайысынан «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып «Айсберг» тобы озып шықты. Жеңімпаз топтар арнайы жүлделермен марапатталды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support