Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Табысқа жетудің сыры

Жалпы шығыс даналары ұстаздың орны патшадан да бөлек. Өйткені патшаның өзі ұстаздың алдында отырып дәріс алады. Енді осындай құрметі де, міндеті де, жауапкершілігі де көп  қызметінде көп жетістікке жеткен, көпті көрген ғалым ұстаз п.ғ.д.,профессор К.Ж.Бұзаубақовамен Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті білімгерлер үйінде 11 сәуір Ғылымдар күніне орай «Табысқа жету сыры» атты сыр сұхбат бағдарламасы аясында болашақ педагогтармен тағылымы мол кездесу өтті.

Осы сыр сұхбат айдарында  барынша көлемді, мазмұнды сұхбат құру үшін болашақ студенттерге айтары көп Клара Жайдарбекқызы туралы шағын анықтама дайындалды.

Ғалымның  өмір жолы, ғылым жолы туралы М 16-1 тобы студенті  Умиралханов Азизхан зерделеді.

Кездесу болашақ ұстаздардың, көрермендердің сұрақтары, орындалатын шығармашылық тапсырмалар арқылы өрбіді. Ол сұрақтар төмендегіше болды.

-    Жалпы біздің хабарымыздың негізгі мақсаты сізді ұлағатты ұстаз ретінде  бәріміз танимыз. Бірақ қарапайым өмірде қандай екенсіз? Бала кезіңізде қандай болдыңыз?  Сіздің ел танымайтын болмысыңызға үңілу?

-    Өзіңіз қандай оқушы болдыңыз?

-    Сіздей ғалымды дүниеге әкелген әкеңіз бен анаңыз туралы айтсаңыз?

-    Балалық шағыңыз қалай өтті?

-    Ең алғаш мектеп табалдырығын оқушы емес ұстаз болып аттаған кезіңіз есіңізде ме?

-    Сіз мектеп директоры қызметін атқардыңыз. Қандай директор болдыңыз?

-    «Жалпы педагогика психология» кафедрасы университетте алдыңғы қатарлы кафедралардың бірі. Сіз басқарып отырған кафедрада креативті, жаңалыққа жаны құмар кафедра деп естиміз. Осындай жақсы атқа абыройлы нәтижеге жетудің құпиясы қандай?

-    Адамда арман таусылмайды. Армансыз адам болмайды. Сіздің арманыңыз қандай?

Клара Жайдарбекқызы осы сұрақтар төңірегінде тұшымды ойларымен,  сығынды ақпараттарымен болашақ педагогтарға ой салып, тарқатып жеткізді.

Кездесу кеші шығармашылық тапсырма орындаумен толығып отырды. Тапсырма шарты блиц-тур сұрақтары аясында болды. Сұрақтарға тез әрі шынайы жауап беру талап етілді.

-    Сіз кімді пір тұтасыз?

-    Студентпен тез тіл табысу құпиясы?

-    Ең алғашқы еңбегіңіз?

-    Қанша мақалаңыз жарыққа шықты?

-    Ы.Алтынсарин төсбелгісін таққанда қандай сезімде болдыңыз?

-    Білімге қатысты мақал-мәтел айтыңыз?

-    Жүрегіңізге жақын өлеңнен үзінді оқыңызшы?

Ұстаз ол ұйымдастырушы, шығармашыл, ізденімпаз, құрастырушы болуы керек. Ендеше келесі тапсырма шарты Болашақ педагогтармен бірлесіп, топ құрып сол топпен бірге «Жаңашыл педагог» тақырыбында ұран ойлап табу.

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға - деп Абай атамыз жырлағандай, жалықпай еңбек ету жолыңызда көптеген табысқа, жетістікке жеттіңіз. Табысқа  жетуіңіздің сыры неде? деген сұрақ қойылып,  берілген сұрақ аясында ғалым өзінің ғылым жолындағы акме шыңына шығу баспалдағының қыр-сырымен бөлісті.

Ұлтым деген ұстаздар бар болған кезде, болашақта ұлтым деген шәкірттер де болады. Ол шәкірттердің өздері де ұстаз болады. Еліміздің болашағы ұлтым деген ұстаздардың қолында деп ойлаймыз. Болашақ ұстаздардың жаңашыл креативті болғаны абзал. Осы орайда сыр сұхбат айдары барысында ең үздік, ең тапқыр сұрақ қойған студенттерге өз кітабын қолтаңбасымен сыйға тартты.

Кездесу кешінің соңғы дәстүрі бойынша ғалым ұстаз К.Ж.Бұзаубақова сыр сұхбаттан алған көңіл күйімен бөлісіп, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші Қазақстанның әлемдегі орнын айқындау үшін білектілер мен білімділер жарысында қалыспау керектігін болашақ педагогтарға ескерте отырып, ал бұл біздің Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті болашақ педагогтарының қолынан әбден келетіндігіне сенім білдірді.

Кездесу соңында сыр сұхбат айдарынан керемет әсер алған М16-1 тобының студенті Бекзат Мақсұт өз жүрегінен шыққан өлең жолдарымен бөлісті:

Ысыған жан дүниеңді желдеткендей,

Тәнмен қосып жанды да емдеткендей.

Клара апкей бір қолымен бесікті емес,

Педагогика кафедрасын тербеткендей.

Атағын алатаудай болып биік

Тұрсада төбем өсіп, көкке тиіп.

Алдарыңда әрқашан тағзым етіп,

Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

Қоятұғын бағалап әр бесіңмен

Ажарлы ұстаз кетпейсің мәңгі есімнен

Мен сен үшін бір түйір дәндей болсам,

Ал сен маған диқансың дәнді өсірген

Қазбалаймын оқудың кенін әр таң

Өзің берген білімге сенім артам

Өлең оқып, жыр жазып жүргенім бұл

Ардақты ұстаз білемін сенің арқаң

Бағалаған балауса жырымды ұғып,

Ойын айтқан қалдырмай сырын бүгіп.

Жылы-жылы сөйлеген сөздерімен,

Жіберетін бойымды жылындырып.

Жайлы тиер құлаққа кеңесімен,

Биіктетіп ойымды мен өсірем

Жақсылығы жасаған жетіп жатыр,

Кете қоймас, ол сірә, ел есінен.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті,

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының

аға оқытушылары С.Бупетаева, Ж.Күмісбекова

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support