Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



«ДӘСТҮР» интеллектуалды-білімділік ойыны өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында Әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімі, Студенттік кәсіподақ және «Филология» факультетінің ұйымдастыруымен студенттердің әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін арттыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру мақсатында «ДӘСТҮР» интеллектуалды-білімділік ойыны өтті.

Жас ұрпақты атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет - ғұрыптарымызды, салт дәстүрімізді, мәдениетімізді жеткізу. Студенттердің қабілетін, шапшаңдылығын, белсенділігін, жан-жақты дамыту және қызығушылығын арттыруға бағытталған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«ДӘСТҮР» интеллектуалдық-білімділік ойынының қатысушыларын алдыменен төмендегідей іріктеу турларынан өтті:

1. Университеттің әр факультетінен сөз саптау мәнері бар, өз ойын ашық жеткізе алатын, бойына қазақы болмысты сіңірген бір ғана білімгер қатыса алады.

2. Қатысушы білімгерлер арасында жеребе тасталып, екі факультет білімгерлері бірігіп бір топ құрайды. Нәтижесінде алты факультеттен қатысатын білімгерлерден үш топ жасақталады.

Іріктеуден сүрінбей шыққан топтар ақтық мәреде төмендегідей талаптарды орындап, өз бақтарын сынады.

1-кезең «Таныстыру», 2-кезең «Аламан»,  3-кезең «Салт-дәстүрім – қазынам», 4-кезең «Нақыл сөз – ақыл сөз».

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдармен марапатталды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support